Астанада өткен «Мигрант» шарасы

Астанада өткен  «Мигрант» шарасы

Жақында Астана қаласында көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.
Іс-шара аясында шетел азаматтарының заңсыз болуы мүмкін жерлер, оның ішінде тұрғын үйлер, құрылыс нысандары, базарлар, вокзалдар және өнеркәсіптік аймақтар тексерілді. Нәтижесінде көші-қон заңнамасының 361 бұзушылығы анықталды. Қазақстан Республикасына кіру, шығу және болу тәртібін бұзғаны үшін 361 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 51 қазақстандық азамат шетелдіктерге заңсыз баспана беру және оларды жасыру деректері бойынша жауапқа тартылса, 17 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тиісті құжаттарсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Сот шешімімен 57 шетелдік азамат елден шығарылды. Сондай-ақ, сот шешімін орындамаған 15 шетелдік анықталды. 47 мигранттың Қазақстанда уақытша болу мерзімі қысқартылды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Орталық Азия өңірінен келген үш шетелдік азаматты анықтады. Олар бұған дейін ауданаралық соттың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімін орындамаған. Сот шешімі негізінде бұл азаматтар елден шығарылатын болды. Қазіргі уақытта шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан жұмыс беруші анықталуда. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылданады.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
27.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 46
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 96
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 30
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАШИНА ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 127

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3437
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3648
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18570
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17255
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20674