Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Ойын әрекетінің баланың  дамуына әсері

Бала – біздің болашағымыз. Сәби дүниеге келген күннен ата-ана, қоғам болып оны дамытуға барынша көңіл бөлген жөн. Баланы дамытудың негізгі құралдарының бірі – ойын. Жасөспірімдердің дамуы үшін ойынның маңызы ерекше. Баланың жан-жақты дамуына көмектесетін маңызды құрал. Ойын барысында бала қоршаған ортаны тереңірек танып, түрлі дағдыларды игереді және өз өмірінің әртүрлі аспектілерінде әдеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар көңіл көтеріп, уақытын қызықты өткізеді әрі денсаулығын күшейту үшін де маңызды қадамдар жасайды. Сөйтіп, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын баланың тұлғалық дамуы үшін ең маңызды құрал болғандықтан, оған ерекше мән берген жөн. Балабақшада сәбиді физикалық тұрғыда дамыту, ақыл-ойын жетілдіру үшін ойынды қолданған маңызды. Мектеп жасына жеткенде ойын арқылы баланың шығармашылығын, әлеуметтік және физикалық қабілеттерін дамытуға болады. Ойын арқылы бала дамып қана қоймайды, көңілі көтеріліп, ерекше сезімге бөленеді. Әр бала ойын арқылы әлемді таниды, достар табады, айналасымен қарым-қатынас жасап, өзгелермен тіл табысуды үйренеді.
Балалармен рөлдік ойындар ойнау ерекше маңызды. Себебі рөлдік ойындар ойнау, логикалық тапсырмалар беру баланың ойлау және есте сақтау қабілетін дамытады. Зейінін аша түседі. Түрлі түсті ойыншықтармен ойнау арқылы бала түстерді ажыратып, санауды үйреніп, қоршаған ортамен танысады. Ойын барысында әртүрлі допты пайдаланудың да маңызы зор. Құрастырмалы ойыншықпен ойнаған баланың қиялы жетіліп, инженерлік қабілеттері арта түседі. Тілі шығып, әлемді тани бастаған ойын баласының сұрақтары көп болады, оларға ерінбей жауап беріп, айналасын тануына көмектесу керек.
Балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруда да ойынның маңыздылығын айтпай кетуге болмас. Жасөспірім топтық ойындар ойнау арқылы қарым-қатынас жасап, ынтымақтасып, достасып, өзара сыйласуды, ережелерді сақтауды үйренеді. Өз ойларын еркін жеткізуге де ықпалы ерекше.
Дене қозғалысы арқылы баланың қозғалыс белсенділігі артып, физикалық түрде дами түседі. Бала өмірінде жүгіру, секіру тәрізді ойын түрлерінің маңызы айтпаса да түсінікті. Психологиялық және әлеуметтік дамуына да таптырмас құрал.
Ойынның бала дамуына әсері бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Физикалық даму: Дене белсенділігін арттыру үшін белсенді ойындардың маңызы зор. Спорттық жаттығулар, белсенді ойындар, үлкенді-кішілі алаңдарда орындалатын әрекеттер баланың күш-қуатын, икемділігін және қозғалыс бейімділігін жетілдіреді. Денсаулықты жақсартуға, қозғалыс дағдыларын жетілдіруге спорттық ойындар мен жаттығулардың көмегі орасан.
2. Әлеуметтік даму: Әлеуметтік ойындар баланың қоршаған ортамен байланысын арттырады. Бала ойнағанда бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Өзгелермен бірге жұмыс істеп, ережелерді орындап, сондай-ақ өз пікірін білдіруге, басқалардың пікіріне құрметпен қарауға және келісімге келуге үйренеді, өзара тіл табу арқылы әлеуметтік тәжірибе жинақтайды. Командалық спорт ойындары баланың өзара ынтымақтастық, келісім жасау, көшбасшылық және жауапкершілік сияқты әлеуметтік дағдыларын қатар жетілдіреді.
3. Тілдік даму: Ойын барысында сөйлесу арқылы баланың сөйлеу дағдылары қалыптасады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап алмасу тұрғысында сөздік қоры көбейіп, грамматикалық жағынан сөйлем құрап жаттығады. Сөйтіп, өз ойларын түсінікті түрде жеткізе білуге ынталанады.
4. Эмоционалдық даму: Ойын арқылы бала эмоцияларын басқаруды үйренеді. Ойын барысында қуаныш, реніш, ашулану сияқты эмоцияларды сезініп, оларды басқаруға тырысады. Ойын кезінде бала өз сезімдерін таниды, қуаныш пен өкінішті, жеңіс пен жеңіліс сезімдерін бастан кешеді. Мысалы, жеңіске жеткенде қуанып, қарсыласынан жеңілгенде сабырлылық танытып, түрлі эмоцияларды басқаруға қалыптасады. Сөйтіп, өзін-өзі бақылауы жетіледі.
5. Когнитивті даму: Яғни бұл баланың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Әрқилы тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау, қиялдау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреміз. Мысалы, түрлі конструкторлар, пазлдар құрастыру арқылы бала сантүрлі қиындықтарды жеңуді үйренеді, алдын ала жоспарлап, соңғы сәтте шешім қабылдауға дағдыланады. Осы арқылы оның ойлау қабілеті, шығармашылығы артады. Олардың қиялын ұштау үшін әртүрлі әлеуметтік рөлдерді бөліп беріп, жетілдіруге болады.
Ойымды қорыта келе баланың жан-жақты дамуына ойынның ықпалы аса зор деп айта аламын. Ақыл-ойын дамытып, әлеуметтік дағдыларын жетілдіріп, физикалық белсенділігін арттыруда ойыннан артық элемент таба алмасымыз анық. Сондықтан балабақшада да, үйде де баланың үнемі ойнауына жағдай жасағанымыз жөн. Бала ойын арқылы дамиды, жетіледі, болашақта биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жетуіне де негіз болады. Балаға бақытты болашақ сыйлап, дамуына жағдай жасау арқылы біз еліміздің болашағының жарқын болуына атсалысамыз.

Жеңіскүл ЕЛЕМЕС,
«Хадиджа-2»
бөбекжай-
балабақшасының ән-әуез жетекшісі,
Қызылорда қаласы

27.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 46
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 96
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 30
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАШИНА ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 127

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3437
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3648
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18570
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17255
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20674