Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын пысықтады. Жауапты сала басшылары мен өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында өңір басшысына бұл бағыттағы жұмыс барысы баяндалды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.





