Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түлкібас ауданында 56 азамат баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек қоныс тойларымен құттықтап, кілттерін табыс етті.


Аудан әкімі зиялы қауым өкілдерімен бірге көпбалалы анының пәтерінде болып, қоныс тойымен құттықтады. Сыйлық табыстады, ақсақалдар ақ батасын берді.