ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес аймаққа инвестиция тарту мақсатында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев Қытай елінің Шаньси облысынан келген инвесторларды арнайы қабылдап, іскерлік байланыс орнатты.
✔️Басқосуда аудан әкімі аймаққа инвестиция құюға ниетті қонақтарға ауданның ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, туризм және тамақ өнеркәсібін дамытуға таптырмас өңір екенің тілге тиек етіп, ниет білдірген жағдайда индустриалды аймақтан жер қарастыру, оған қажетті инфрақұрылым (су, газ, электр) жүргізуге мемлекеттен қолдаулар болатындығын жеткізді.
✔️Сонымен қоса кездесуде ауданның табиғатын қонақтарға етене түсіндіру мақсатында «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының туристік әлеуеті таныстырылды. Жиыннан соң экотуризымды дамытуға қызығушылық білдірген кәсіпкерлердің ұсынысына сәйкес, аудан әкімі жауапты мамандармен «Ақсу-Жабағылы» қорығындағы Ақсу шатқалын көрді.
✔️Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм салаларының әлеуетімен танысқан инвесторлар алдағы уақытта нақты ұсыныспен келетіндіктерін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3648
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890