Ақмолада орақ науқаны басталады

0
857

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің 2019 жылғы күзгі дала жұмыстарын сапалы өткізуді ұйымдастыру жөнінде облыстық кеңес Шортандыдағы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды. Кеңес облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өтті.

Күзгі орақ науқанын тыңғылықты дайындықпен сапалы өткізуді ақылдасар алдында ғылыми өндіріс орталығының жаңадан қолданысқа енгізген, енгізбекші жаңа жұмыстардың қолданысқа ену барысын, кеңеске қатысушыларға иниститут ғалымдары таныстырып, атқарған жұмыстарын көрсетті. Кеңеске қатысушылар жер өңдеудегі соңғы кездегі озық үлгідегі ауыл шаруашылығы техникаларымен танысты. Орталықтың тарихи және жетістіктер мұражайын аралап көрді.
Агрокеңесті ашып жүргізген облыс әкімі Ермек Маржықпаев: — Шараны А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында өткізіудің мәні бар. Себебі мұнда аграрлық өндірістің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік ашатын, шығынды азайтып, пайданы еселейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын арттыратын технология жасаумен айналысатын, ғылми орталық.
Облысты аумағын аралау барысында биылғы егін шығымының әртүрлі екенін көрдім. Ендігі міндет – астықты шашпай-төкпей жинап алу, мол астық аламыз деген үміт зор. –деді облыс басшысы. Өңір басшысынан соң әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов орақ жұмысын ұйымдастыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі жөнінде баяндама жасады. Әбдіхалықов сөзінде: — Биылғы облыс диқандары үшін ауа райы қолайсыз болды. Бірақ дихандар нәтижелі еңбектенудің арқасында, нәтижеге жетті. Бүгінгі күні бірқатар шаруашылықтар арпа мен бұршақты дестеге салып, бастыруды бастады. Биыл ақмолалықтар 4,3 миллион гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 260,5 мың гектар жерге майлы, 178,2 мың гектар алқапқа азықтық дақылдар екті.

Орақ науқанын ойдағыдай өткізу үшін мемлекет пен жекеменшік әріптестік тарапынан барлық жағдай жасалды. Жыл сайын жерді тиімді пайдалану мақсатында облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді және жинауды анықтау жұмыстарына ғарыштық мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл егін шығымын зиянкестерден қорғауда нәтиже берді. Облыс диқандары биыл 1,6 миллион гектар алқапқа 25 мың тонна аммофос пен аммиак селитрасы тәрізді химиялық тыңайтқыш енгізілді. Қолданған осы шаралардың бәрі өзінің жемісін беріп, биыл ауа райының құрғақтығына қарамастан, кейшаруашылықтардың егіні бітік өсті. Мамандардың анықтамасына жүгінсек, 2,8 млн гектар алқаптағы егін жақсы жағдайда, 1,5 млн гектар жердің егіні қанағаттанарлық жағдайда. Егін жинауға 8,4 мыңға жуық астық жинайтын комбайн тартылмақшы. Олардың 3518-і жаңа комбайндар болса, 2504 жатка, 4708 жүк автокөлігі, 7730 трактор тіркемесі науқанға қатыстырылады. Сонымен бірге, 464 механикаландырылған қырман науқанға сақадай сай тұр. Биылғы орақ кезінде бір комбайн 524 гектар алқаптағы астықты жинауға тиіс. Осы есеп бойынша ауылшаруашылық мекемелері биыл 114 комбайн, 254 трактор сатып алды. Бірақ, Бурабай, Бұланды, Қорғалжын, Ерейментау, Есіл, Біржан сал аудандары жаңа техника сатып алуға қауқарсыздық танытты. Шаруашылықтар ауа — райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, орақты 26 күнде аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 123,3 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 75,7 мың гектары бастырылды. Гектар берекесі 10 центнерден айналуда. Сөйтіп, 80,7 мың тонна астық жиналды. Аудан әкімдіктерінің мәліметі бойынша жаппай орақ 1 қыркүйекте басталады, деп науқанға жанама қажет жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, несиені қайтару, астық қабылдау, егіс алқаптары мен жайылым жерлерді цифрландыру жайына кеңінен тоқталды.Кеңеске қатысушылар ойларын ортаға салды. Ғылыми тұрғыдан «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігінің бас директоры Кенже Абдуллаев 2019 жылдың орақ науқанын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ғалымнан соң Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан, Бұланды ауданының «Журавлевка-1» серіктестігінің бас директоры Арман Құдайбергенов егін орағына дайындық барысын, «Казгидромет» кәсіпорны Ақмола филиалының директоры Бақыт Мақажанова күзгі ауа-райының болжамы туралы ақпарат берді.
Кеңесті қорытындылаған Ермек Маржықпаев. – Облыс еңбеккерлері, дихан қауым, жыл он екі ай бойы төккен маңдай терлеріңіздің игілігін көретін қарбалас шақ – егін орағы науқаны басталуға шақ тұр.
Сондықтан өңір халқы, ауыл еңбеккерлері уақытпен санаспай еңбек етіп, еліміздің астық қорын толтыру, елімізді астықпен қанымдау міндетімізді аброймен атқаруда табысқа жетейік. Іске сәт, деп сөзін аяқтады өңір басшысы.

Дахан Шөкшир.
Ақмола облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.