Қорғау нұсқамасын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

Қорғау нұсқамасын бұзу  әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады
Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабында қаралған.
Қорғау нұсқамасын бұзу жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20.04.2023 жылғы № 227-VII Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңды күшіне 01.07.2023 жылы енді.
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
2023 жылғы 20 сәуірдегі № 227-VII
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
461-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді."
Осы Заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ. ТОҚАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1046
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7093
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10946
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7160
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7305