Газетіміз ұйымдастырған «Ауыл–ел бесігі» экспедициясы сапарда

0
2513

 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының 18-съезінде берген тапсырмасына сәйкес «Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Бұл жобаны тиімді іске асыру өңірлік бағдарламаларға жақсы негіз болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмыс ұйымдастыру керектігін атап өткені белгілі. Оның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінде параметрлерге жеткізу болатын.

«Nur Otan» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ел Ана» қоғамдық-саяси сайты және «Qazaqstan dauiri» газеті осы жоба бойынша соңғы екі ай бойына республикамызды тынбай аралап жүр. Мәселен «Ауыл — Ел бесігі» бірлескен экспедициясымен Қостанай өңірінде, соның ішінде Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелді аудандарында болып қайтты. Осы сапар барысында астаналық тілшіміз әкімдермен жолығып, сұхбаттасып, елдің тыныс-тіршілігі жайлы мақала әзірледі(8 бетте).

Газетіміздің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы бастаған экспедиция Шымкент қаласында және Түркістан облысының Ордабасы, Арыс қаласында болып, Сайрам ауданында жастар жылына байланысты жастармен кездесу өткізді. Қазір бұл экспедиция Жамбыл облысында.Осы аптада өңірдің Қордай, Меркі, Талас, Сарысу аудандарын аралап, ауылдардағы игі істермен қатар көкейтесті мәселелерге де қанықты. Директордың орынбасары Жанбақыт Борантаев бастаған көш Алматы облыстарында кездесулер өткізіп жатса, Бас редактордың орынбасары Бауыржан Кәріп Батыс Қазақстан өңірінде. Сәт сапар!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.