АРҚАЛЫҚ – АРҚАЛЫ ІСТЕРГЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ҚАЛА

0
2254

 Төңірегіндегі ауылдарға қан жүгіртіп, көмек қолын созатын қаланың жағдайы осы. Шіркін, қала, ауыл газбен қамтылса  осы ауыртпалықтан құтылар еді-ау.

Арқалықта ет зауыты салынбақ

Иә, қара аспанды төндіре бермеген де дұрыс. Ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарда қыруар.  «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желісінің ашылуы, ет комбинаты сияқты өндіріс орындарының іске қосылуы, жаңа бизнес нысандарының пайда болуы қаланың дамуына оң септігін тигізгері анық. Арқалықтың бір өзінде ғана жиһаз жасайтын 5-6 цех бар екен. Ал әлеуметтік саланың әлеуетін көтеруге биыл да қомақты қаржы қаралып отырғаны да дәтке қуат.

Биыл Арқалық қаласын абаттандыруға, көркейтуге 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Оның басым бөлігі Дачный кенті мен Восточный ауылының су құбырлары жүйесін жөндеуге, сондай-ақ Арқалық қаласының жолдарын жөндеуге бөлінген. Айта кетелік, Арқалықты дамытуға республикалық трансфертпен облыстық бюджеттен биыл 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.

2018 жылы 21 қарашада Арқалық қаласында жаңа ет комбинаты жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, аудан және қала әкімдері, шаруа қожалығының иелері қатысқан.  Бұл кәсіпорын Қостанай облысының оңтүстігіндегі шаруалардың сұранысына сай салынды. Себебі негізінен төрт түлік өсіретін өңірде бұған дейін ет өткізетін орын болған жоқ. Жаңа комбинат сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарының Арқалықпен шектесетін аудандарын қамтиды. Жобаның жалпы құны 2 млдр теңге. Польшалық мал сою қондырғылары орнатылып, өнім өндіру ішінара басталып та кетіпті.

Зауыт заманауи үлгіге сай салынған. Мал сою пунктіне сэндвич панельдер орнатылып, жылу және жарық жүйесі жүргізілген.  Комбинат толық қуатына енгенде 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Тәулігіне 10 тонна өнім өндіреді. Оның 3 тоннасы шұжық, 1 тоннасы консервіленген, қалғаны өңделмеген  ет.  Ет комбинатына Украинадан әкелінген құны 42 млн теңге болатын консервілеу аппараты орнатылған. Сондай-ақ, Қытайдан консервіленген өнімді қайнатуға арналған арнайы жабық қазандық сатып алыныпты. Бұған 15 млн теңге жұмсалған. Енді Арқалықта ет өнімдері шығатын болады. Мал сою цехында ішек-қарын тазаланатын және тері сақтайтын қойма бар.

Жобаның қуаттылығы жылына 16 мың 200 ірі қара мен 20-30 мың ұсақ мал етін өңдеуге лайықталған. Мал шаруашылығын дамытып, ет экспортын арттыру арқылы өңір экономикасын еселеу – оңтүстік аудан тұрғындарына жүктелген жауапкершілік.Әсіресе, Арқалық қаласы үшін. Шағын шаһарда ірі инвестициялық жобаның әлеуеті зор. Көршілес облыстардың атқамінерлері де әріптестік танытып, мал еті экспортын еселеуге мүдделі көрінеді.

Арқалық қаласында билер кеңесі барын да еске сала кеткеніміз жөн.

Алқа билерге ел арасындағы түрлі көлеңкелі іс-әрекеттерге араласып, келеңсіз жағдайлардың қарқынын төмендетеді деген сенім артылыпты. Билер кеңесін құру – ұлттық құндылықты жаңғыртуға жасалған ізгі қадам.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында қазақтың билер кеңесін ұлттық құндылықтар ретінде танып, оны халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігі айтылғаны іске аса бастағаны қуантады.

 

Экспедиция барысында Арқалық қаласы әкімі  Қ. Т. Әбішев мырза 2019 жылдың 9 айындағы Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытыныдысы туралы баяндап берді.

—«Арқалық қаласының 2019 жылдың тоғыз айы бойынша экономикалық дамуы төмендегідей көрсеткіштер көрсетіпті:

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімі 7 млрд.  жуық теңгені құрады (2018жылдың 9 айында-8 млрд.853 млн. теңге).

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі басым, 46% (3 млрд. 225 млн.теңге) құрайды.

Қаланың негізігі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өнім шығару құрылымы төмендегідей арақатынаспен көрсетілген:

–  47 % жуық өнеркәсіптік өніммен «Алюминий Қазақстан» ТБКБ бөлімшесі;

– «Алюминқұрылыс» ЖШС үлесіне 10% өндіріс;

         – өнеркәсіптік өндірістің жалпы қалалық көлемінде «Костанайюжэлектросервис» МКК үлесі 9 % құрады;

–  «Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» МКК үлесі

7 %-ға жуық;

– басқа кәсіпорындардың жалпы үлесі-27  %.

«Алюминқұрылыс» ЖШС кәсіпорнының темір-бетон құрастыру өндірісі 11% жуық, қиыршық тас өндіру 9 %-ға өсті.

Ауылшаруашылығында өнімнің жалпы құны 10 млрд. теңгеге құрады немесе 15% өсті. (2018 жылдың 9 айында – 8 млрд.579  млн. теңге).

Атап айтқанда, ет өндіру көлемі 6 %-ға, сүт  – 12 %-ға өсті.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексі 88%    құрады (2018 жылдың 9 айында.-103,81 %).

Ауылшаруашылығындағы мал басының өсімін атап айтуға болады:

– құстар –  11%-ға (719,1 мың. басқа дейін);

–  қой –  6%-ға  (22,9 мың. басқа дейін );

 сиыр – 4%-ға ( 8,7 мың. басқа дейін );

– жылқы – 4%-ға ( 7,4 мың. басқа дейін );

– ІҚМ 3%-ға жуық (19,8 мың. басқа дейін)

Қолайлы инвестициялық ахуал басым міндет және басым болып қала береді.

Қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3 млрд.теңгеден астам немесе 92% өсім.

Бұл ретте, 62% – дан астам-ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге бағытталған кәсіпорындар мен тұрғындардың қаражатары (1 млрд. 987 млн. теңге).

Шаруашылық субъектілері бөлінісінде қала экономикасына салынған инвестиция:

– ТБКБ – 38 %  (753 млн. теңге, техникаларды жөндеу, жабдықтар сатып алу);

– «Алюминқұрылыс» ЖШС – 35 % (689,3 млн. теңге, Ш.Жәнібек көшесі бойындағы 107-ші, 112 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту);

– «Цереера-2017»  ЖШС-  8 % (151 млн. теңгеге жуық, Джон-Дир маркалы 2 комбайн сатып алу);

– «Ырыздық» ШҚ – 4  % (88 млн. теңгеге жуық, техника сатып алу);

– «Анжела-Б» ШҚ-  3 % (66,5 млн. теңге; техника сатып алу);

– «Возрождение» ЖШС- 3 %  (51 млн. теңгеге жуық; К-744Р4 маркалы трактор атып алу);

– «Торғай Ет» ЖШС- 2 % (48 млн. теңге; жабдықтар сатып алу ).

Инвестициялардың нақты көлемінің индексі 170,5% құрады (2018 жылдың 9 айында-83,0 %)

Құрылыста орындалған жұмыстар көлемі 1 млрд.700 млн. теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 40% өсті (2018 жылдың 9 айында-1211 млн. теңге).

Ағымдағы жылы бюджет есебінен жалпы сомасы 378 млн. теңгеге жуық  сумен жабдықтау 2 жоба іске асыру жүзеге асырылуда,  бүгінге текті 280 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

– Арқалық қаласының Восточное ауылында су құбыры желілерінің құрылысы, жоспар бойынша 146,3 млн. теңге 111,0 млн. теңге игерілді;

– Арқалық қаласы Дачный кентінің су құбыры желілерін қайта жаңарту, жоспар бойынша 231,2 млн.теңге 168,4 млн. теңге игерілді.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 137,6% құрады (2018 жылдың 9 айында-107,5 %).

Есепті кезеңде қала бойынша 9 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді,  бұл өткен жылдың деңгейінен 5 есе көп (2018 жылдың 9 айында-1854 шаршы метр).

Ағымдағы жылы Ш.Жәнібек көшесінде 112 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 7 мың 600 ш.м.

Жылдық жоспар (7200 шаршы м.), 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 125 % орындалды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі 483% құрады.

Сауда саласында бөлшек сауданың нақты көлем индексі 101,2% құрады (2018 жылдың 9 айында-101,8%).

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 9% – ға өсті және 3 млрд. 900 млн. теңгені құрады.( 2018 жылдың 9 айында- 3 млрд. 617 млн.теңге)

Қалада демографиялық жағдай тұрақты: халықтың табиғи өсімі оң – 230 адам (510 адам дүниеге келді, 280 адам қайтыс болды).

Денсаулық сақтау саласында есептік кезеңге балалар өлімін төмендету бойынша оң динамика байқалуда шамамен 87 % жуық (2018 жылдың 9 айында 15 жағдайға қарсы 2 жағдай).

Ана өлімі жоқ.

Әлеуметтік қорғау саласында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,1% немесе 435 жұмыссыз (2018 жылдың 9 айында -1,8%).

Өткен кезеңде әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту шараларымен 922 адам қамтылды (2018 жылдың 9 айында – 1266 адам), оның ішінде:

– тұрақты жұмыс орындарына 422 жұмыссыз орналастырылды (2018 жылдың 9 айында-610 адам);

– әлеуметтік жұмыс орындарына 130 жұмыссыз (2018 жылдың 9 айында – 187 адам);

– жастар тәжірибесіне жіберілгендер -94 адам (2018 жылдың 9 айында-63 адам);

– инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға  – 20 адам (2018 жылдың 9 айында-17 адам);

-қоғамдық жұмыстарға 256 адам қатысты (2018 жылдың 9 айында-389 адам).

2019 жылдың есепті кезеңінде 4495 өтініш беруші Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірді, оның ішінде 856 отбасына 358 млн.теңге көлемінде көмек тағайындалып, төленді. 437 аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы 5 млн.теңгеден астам тұрғын үй жәрдемақысын төлеу түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді» деді Арқалық қаласы әкімі.

ӨРІСІ МАЛҒА, ЕЛ ІШІ ЖАНҒА ТОЛҒАН ӨҢІР

 Әмірхан Асанов Амангелді ауданының әкімі

Амангелді ауданы әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлымен болған сұхбатта көп мәселенің басы ашылды.

  • Сұхбатымызды шағын кәсіпкерліктен бастасақ. Өйткені аудан эконмикасының дамуына мұның берер пайдасы ұшан-теңіз ғой, Әмірхан мырза?
  • Дұрыс айтасыз, қазіргі кезде аудан бойынша 912 шағын және орта бизнес субъектілерінде (қызмет істеп тұрған, барлық тіркелгені 943) 1 772 адам жұмыспен қамтылған. Есепті кезеңде олармен 944 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметтері көрсетілді, барлық деңгейдегі бюджетке 67 млн. теңге салықтық түсімдер түсірілді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде берілетін 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттарға аудан бойынша 2 кәсіпкер ие болды. Президент биылғы жылғы өз жолдауында «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Бұл «қарапайым заттардың экономикасына» тікелей байланысты» деп атап көрсетті. Осы бағытта біздің ауданымыз бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Батпаққара» ШҚ «Сүт өңдеу цехы» жобасы бойынша 13,0 млн. теңгеге «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алды. Қазіргі таңда құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Президент Жолдауының кәсіпкерлік саласына тағы бір үлкен көмегі –  бұл микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату болып табылады.  Аталған жеңілдік бойынша  ауданымызда 500-ге тарта кәсіпкер салықтан босатылып, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады.

 

  • Ауыл шаруашылығының даму барысы жайлы не айтасыз?
  • Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылық өндірісінде  2019 жылдың 1 қыркүйегіне 8 млрд. 481 млн.  теңгенің өнімі өндіріліп, өнімнің физикалық индексі 104,3 пайызды құрады. Аудан бойынша 3 151 тонна ет, 29 408 тонна сүт, 6 млн. 236 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Өсімдік шаруашылығымен барлығы 88 серіктестіктер мен шаруа қожалықтары айналысады. 2019 жылдың есепті кезеңінде бұл бағытта 2 млрд. 048 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өнімнің нақты көлем индексі –100,4 пайызды құрады (жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 24,1 пайызы).

2019 жылы егістік көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7 232 га артып, барлық егістік көлемі 138 045,5 га құрады (оның ішінде: жаздық бидай – 126 872,5 га, арпа – 3 644 га,  сұлы – 3400 га, майлы дақылдар – 1000 га, бір және көп жылдық шөптер – 6 000 га, картофель – 89 га, көкөністер – 80 га, бақша дақылдары  – 20 га.).

Алғашқы мәліметтерге сәйкес 126 872,5 га жаздық бидай алаңынан алынған өнім 85,0 мың тонна, шығымы гектарына 6,7 центнерден келіп отыр. 2018 жылы  егістіктің орташа шығымдылығы гектарына 8,1 центнер болса (119 961,5 га алқаптан 95,6 мың тонна өнім).

Арпадан 3 644 га аумақтан 2200 тонна (6,0 ц/га).

Сұлыдан 340 га аумақтан 170 тонна (5,0 ц/га).

Майлы дақыл – мақсары (сафлор) 150 га аумақтан 75 тонна (5,0 ц/га   )өнім алынды.

–Негізгі ата кәсіп мал шаруашылығы ауданда қалай өрістеуде? Мал басының өсімі көңіл көншіте ме?

  • Мал шаруашылығы саласында 6 млрд. 294 млн. теңгенің өнімі өндірілді, өнімнің нақты көлем индексі – 105,4 пайыз (жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 75,9 пайызы).

Мал шаруашылығымен барлығы 357 шаруа қожалығы мен 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері  айналысады.

Есепті мерзімге шаруашылықтардың барлық түрлерінде 37 мың 913 бас ірі қара, 85 мың 538 бас қой-ешкі,  19 мың 927 бас жылқы, 155 мың 366 бас құс  бар.

  • Қазіргі республика бойынша ең үлкен проблема ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл Амангелді ауданында қалай іске асуда?
  • Ауданымызда республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Амангелді және Есір ауылдарындағы су беру жүйелерін қайта құрылымдау» жұмыстары қазіргі таңда аяқталуға таяу қалды (мердігер «Инсект» ЖШС). Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 992,1 млн. теңге. Биылғы жылға осы қаражаттың қалған бөлігі 341 млн. теңге қаражат бөлінді. Ауыз сумен 9 мыңға тарта адам қамтамасыз етіледі.

Қабырға ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 7,4 млн. теңгеге қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттар дайындалу үстінде. Жоспарымызда 2020-2021 жылдары Қабырға ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету.

Аудандағы 30 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған, 17-і орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

 

КӘСІПКЕРЛЕРІ – ТҮЛЕТКЕН, ТҮЛЕКТЕРІ ТҮРЛЕНТКЕН АУДАН

  • Білім беру салаасын да тоқтала кетсеңіз?
  • Аудан бойынша 18 мектеп (13 орта, 4 негізгі және 1 бастауыш), 1 психологиялық педагогикалық түзету кабинеті, саз мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Шұғыла» балалар шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Оқушы саны 2 749 бала(2018 жылдың 1 қазанына оқушы саны 2 773бала). Қосымша біліммен 1 831оқушы қамтылған (89,5%).

Ағымдағы жылы Амангелді, Жасбуын, Жалдама орта мектептерінің жылу қазандықтарының ғимараттарын сыртқа шығару жұмыстары демеушілер есебінен жүзеге асырылып, бұл мақсатқа 7,0 млн. теңге қаражат жұмсалынды. 7,2 млн. теңгеге 4 мектепке жылу қазандықтары (Амангелді ОМ, Жалдама ОМ, Бүйректал ОМ, Жаңа ауыл ОМ) сатып алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы өз Жолдауында «Сондықтан, мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз» деп атап көрсетті.Қазіргі таңда ауданымыздағы мектептерде 510 мұғалім қызмет етеді, олардың жоғары білімдісі – 436 (86%), арнаулы орта білімді мұғалімдер саны – 74 (14,5%), жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі 40% құрап отыр (201 мұғалім). Бұл жаңалық аудан ұстаздарының да мәртебесін көтеріп, жемісті еңбек етуге өз септігін тигізбек.

  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау төңірегінде не дейсіз?
  • Есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайызды құрады. Жұмыс сұраушы ретінде 898 адам тіркеліп, оның 798 жұмысқа орналастырылды.  574 жұмыс орны ашылса, оның 375-і тұрақты.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылу үстінде. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2019 жылға белгіленген жоспарға сәйкес оқуды бітірген 60 адамның 50-і жұмысқа орналасты (83,3 пайыз).

Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту)«Игілік» бағыты бойынша өз ісін бастап, дамытуға барлығы 43 адамның жалпы сомасы 129,2 млн. теңге қаражат игеріп, жоспар 106,3 пайызға орындалды (жоспар 121,5 млн. теңге).

Үшінші бағыты бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бергі уақытта 140 адам жіберілді.

  • Атаулы әлеуметтік көмектің де қызығы мен шыжығы жетіп жатыр. Бұл жайында сіз не айтасыз?
  • Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 1 қазанға барлығы 457 отбасы 2 652 адамға 212 357,1 мың теңге қаражат тағайындалып, төленді. Тоқтатылғаны 47 отбасы, 265 адам. Тоқтатылған қаражат көлемі 4,431 млн. теңге. (1 отбасы, 4 адам қаражатты қайтарды, 25 мың теңге).
  • Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аудан көлемінде жүзеге асырылуы туралы айта кетсеңіз?
  • Амангелді ауданы бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Биылғы жылы ауданға «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы және «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында 100 млн.-нан артық қаражат тартылды. Соның ішінде 50 млн.-нан астамы мектеп түлектерінің өздері оқыған мектептеріне бірнеше шағын футбол алаңдары, спорттық құрал-жабдықтар, музыкалық аспаптар т.б мектеп өміріне қажетті құралдарды алып берді.

Ауданымыздан шыққан іскер азаматтар, кәсіпкерлер, түлектер жалпы ел азаматтары өзі туған жерлеріне қолдау көрсетудің тамаша үлгісін көрсетуде. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз.

Тартылған қаражат есебінен Жастар жылына орайластырып, облыста алғашқылардың бірі болып,  жас мамандарға арналған құны 17млн. теңге болатын жалпы ауданы 296 шаршы метрді құрайтын 8 пәтерлі үй салып бердік. Онда бүгінгі таңда ауданда бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын 8 жас маман тұрып жатыр. Тағы бір бастамамыз, аудан орталығында көп жылдардан бері игерілмей, бос тұрған жерді абаттандырып, 42 млн. теңгеге бюджет және тартылған  қаражат есебінен «Жастар саябағын» аштық. Саябақта  түрлі аттракциондар, аллеялар, түрлі сауда орындары бой көтерді. Бүгінгі таңда жастар саябағында спорт алаңдары, балалар ойын алаңы, сауда нүктелері, арнайы сахна және демалыс аймағы жұмыс жасайды. Саябақ халықтың демалатын және спортпен айналысатын сүйікті орындарының біріне айналды. Саябақ аумағында төсенішті әмбебап спорт алаңы, воркаут, шағын футбол алаңдары салынды. Бұл жастардың спорттың баскетбол, волейбол, футбол сынды түрлерімен айналысуына мүмкіндік беріп отыр.

Биыл жастар жылы. Осы бағытта атқарылған шараларға көңіліңіз тола ма?

  • «Жастар жылына» орайластырылған «Жастар – жасампаздықтың нышаны» атты ауыл өнерпаздарының 2019 жылдың шілде айынан бастап қыркүйек айына дейін кешкі сазды бағдарламасы өткізілді. Тағы бір атап өтетін іс шарамыз Ұлттық домбыра күніне орайластырып, ауданда алғаш рет 1000 домбыра жобасын қолға алып, жүзеге асырдық. Домбыра тартушыларға барша жерлестеріміз ат салысты. Күй ойнауға жасы 90-нан асқан қарияларымыздан бастап, 5 сынып оқушысына дейін атсалысты. 1000 домбырашы бір мезетте «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындап шықтық. Домбыра тартушылар қатарын алдағы жылдарда да көбейте беретін боламыз.
  • Сұхбатыңызға рахмет

ЖАСАРҒАН, ЖАСАНҒАН ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ

Ресми мәлімет бойынша, Жанкелдин ауданында күні бүгін 13 мыңға жуық адам тұрады. Кешегі тоқсаныншы-екі мыңыншы жылдары халықтың жартысына жуығы жердің шалғайлығын, жол сапасының нашарлығын сылтау етіп, өзге өңірлерге көшіп кетті. Ол кез шындығында шалғай аудан тұрғындары үшін ыңғайсыз бір кезең еді. Қазір ше? Бүгін жол тақтайдай тегістеліп, жөнделді. Ауыз су мәселесі біртіндеп шешімін тауып жатыр. Жарық, жылу бар. Қысқасы, тұрмысқа не қажеттің бәрі жасалған. Тек, жұмыс істе, ұрпақ өсір.

  Жер көлемі бойынша Жанкелдин Қостанай облысындағы ең ірі аудан. Шалғайдағы Жанкелдин өңірінде негізгі бағыт саналатын – ауыл шаруашылығы саласын серпінді дамыту жөнінен бірқатар ілгерілеушілік бар. Оған жылдың алғашқы сегіз айында өндірілген 7,4 млрд теңгеге жуық (108%) ауыл шаруашылық өнімі дәлел. 3,3 мың тоннадан астам ет, 30,5 мың тоннадан астам сүт өндірілген. Бұдан бөлек мал басын субсидиялау, техникалар жаңалау, цифрландыру, интернетке қосу жұмысын жалғастыру, басқа облыстардан көшіп келушілерді жұмысқа орналастыру, мәдени-рухани саладағы оң өзгерістер бар. Аудан әкімі Шота Оспановпен аз-кем сұхбаттасудың реті келді.

  • Шота Сәбитбекұлы, Торғай дуаны қай заманда да ақтылы қойымен, табын-табын сиырымен, үйір-үйір жылқысымен дараланып тұрады ғой. Елдегі мал-шаруашылығының бүгінгі бет алысы қалай?
  • Қазіргі таңда Торғай дуанының шаруашылықтарындағы Зеңгі баба тұқымы 37,5 мыңнан асып жығылады, қой-ешкі 94 мыңға жақын, 11,3 мыңға тарта жылқы бар. Былтырғы жылға қарағанда мал санының өсімі артқан. Соңғы жылдары аудан шаруалары мал басын ұлғайтып қана қоймай, оны асылдандыру бағытына да бетбұрыс жасады. Биыл «Сыбаға» бағдарламасымен 600 қой, 350 ірі қара алу жоспарланған. Бүгінгі күні 4 шаруа қожалығы барлығы 32,4 млн теңгеге 998 бас қой алды. «Мирас» шаруа қожалығы Ресейден 45 млн теңгеге асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға құжаттарын тапсырды, қазіргі уақытта құжат мақұлданып, 36 млн теңгеге несие әзірлеп асыл тұқымды 50 бас ірі қара алды. 2 шаруа қожалығы 100 басқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на құжаттарын тапсырып, барлығы 73,7 млн теңгеге 102 сиыр малын алды. «Ізтелеуова Г.» және «Рысбеков К.» шаруа қожалықтарының әрқайсысы 30 бас малдан құжаттарын әзірлеп жатыр. Ал мал шаруашылығын дамытуға оң серпін беріп отырған 2019 жылға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауданға 87,5 млн теңге несие қаражаты бөлінді. 69,8 млн теңгеге өтініш білдірген 20 үміткердің 15-і 62,5 млн теңгеге жуық несие алып, жұмысын бастады, 5 үміткердің құжаттары қаралу үстінде.
  • Сөзіңізге қарағанда инвестициялық жобалар жақсы жүзеге асып жатқан секілді.
  • Сегіз айда негізгі капиталға игерілген инвестиция 410 млн. теңгеге жетті. Осы мерзімде 323 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,2 млрд теңгеден асты. Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жылы Арқалық-Торғай автожолының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, оған 4,5 млрд теңге бөлінді.
  • Жол демекші, Торғай-Арқалық автожолы халық игілігіне беріліпті. Оны көрдік. Енді аудан мен шалғай ауылдарға баратын тас жолдарға көңіл бөліне ме?
  • Аудандық маңызы бар Торғай-Шұбалаң-Көкалат автожолының жөндеу жұмыстарына 2019-2020 жылдарға 1,8 млрд теңге бөлініп, қазіргі таңда 246,6 млн теңге игеріліп отыр. Қарасу өзенінің бойындағы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, аудандық прокуратура ғимараты салынып бітті. Торғай ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құрылымдауға 448 млн теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Нысанды пайдалануға беру қазан айына жоспарланған. Бұл жоба аудан орталығын толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Аққөл, Ахмет Байтұрсынұлы, Қөлқамыс ауылдарын орталықтандырылған су жүйесіне қосу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Биылғы жылы Қалам-Қарасу, Сарысу ауылдарын таза сумен қамту мақсатында жобалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 8,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
  • Медицина қызметі туралы айтсаңыз? Қанша дегенмен облыстан шалғай аумақ қой.
  • Биыл Арқалық медициналық колледжін тамамдаған 6 маман Жанкелдин орталық аудандық ауруханасына жұмысқа орналастырылды. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша аудандық аурухана «СК-Фармация» компаниясымен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Биыл аудандық бюджет есебінен Қызбел ауылының медициналық пунктіне жедел жәрдем автокөлігі берілмек.
  • Жұмыспен қамту көрсеткіштері мен Торғай өңіріне көшіп келушілер легі жайында айта кесеңіз?
  • Жалпы әлеуметтік саланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес биыл 553 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Жұмысы жүріп тұрған 442 шағын және орта бизнес субъектілерінде 608 адам жұмыспен қамтылған. Оңтүстік облыстардан 10 отбасы көшіп келеді деп жоспарланса, бүгінгі таңда Қызылорда, Түркістан өңірлері мен Шымкент қаласынан 6 адам қоныс аударды. Олардың арасында жоғары білімді акушер-гинеколог маманы бар. Сонымен қатар, Милісай ауылына Қызылорда облысының Шиелі ауданынан 7 балалы Парванэ Байрамова есімді азаматша көшіп келіп отыр. Бұл отбасы мүшелерін қазір облыстың қоныс аударушылар квотасына енгізу үшін құжаттар облыстық комиссияға жолданды.
  • Уақытыңызды бөліп сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.