Уақыт пен қаражатты үнемдейтін қызметтер

Уақыт пен қаражатты үнемдейтін қызметтер

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен жиында БҚО Әділет департаментінің басшысы Әлия Тасыбаева баяндады. Департамент басшысы әділет органдары тарапынан «Цифрлық Әділет» бағдарламасы аясында қаржыны және уақытты үнемдейтін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатқанын тілге тиек етті. 

– Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында «Әділет кеңес береді», «Халық заңгері», «Ашық есік күні» акциялары бойынша 10 іс-шара өткізілді. Облысымыздың барлық елді мекендерінде жалпы 83439 адамды қамтыған 623 консультативтік-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 151-ге жуық «Құқық кабинеттері» ашылды. 151 округтың барлығында интернетке қолжетімді компьютерлердің орнатылуымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды, – деді Әлия Әнесқызы.

Тағы бір жаңалық – енді азаматтар мен заңды тұлғалар ресми құжаттарды шетелде тануды жеңілдету және жеделдету мақсатында апостильді қашықтықтан онлайн түрде тәуліктің кез келген уақытында рәсімдей алады. Қызмет электронды үкімет порталы www.egov.kz арқылы ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы көрсетіледі. Электронды апостиль дегеніміз – құжаттың түпнұсқалығын және оны берген органның өкілеттігін растайтын цифрлық мөр. 

Департамент өкілі өз баяндамасында онлайн режімде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» бірыңғай ақпараттық жүйесінің іске қосылғанын атап өтті. Аталған жүйеде аумақ бойынша 70 адвокат және 15 заң консультанты тіркелген. Сонымен қатар «Zan Komegi» мобильді қосымшасы шеңберінде де азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейнеқоңырау арқылы жауап ала алады. Жүйе 2000 мыңға жуық адвокаттың және заң кеңесшілерінің қатысуымен азаматтардың заңгерлік көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. Бұлардан бөлек бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде көмек көрсететін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда жеке сот орындаушыларының қатысуынсыз іс жүргізетін «Робот сот орындаушы», заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында қолданылатын тұтынушыларды биометриялық сәйкестендіру қызметі туралы да толық мәліметтер айтылды. 

– Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін ұғындыруға ықпал етеді. Қызметтерді оңтайландыру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде адамдар уақыттары мен қаражаттарын үнемдейді, сондай-ақ әкімшілік кедергілер азайып, процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді, – дейді департамент басшысы Ә.Тасыбаева.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
16.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15470
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30507
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29137
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32703