Kaspi Bank, ForteBank, «Сбербанк» және «Евразиялық банк» өзара серіктестік туралы келісімге қол қойды. Енді аталған 4 банктің клиенттері бір транзакцияда 200 мың теңгеге дейін ала алады, әрі клиент бір тәулік ішінде осы 4 банктің банкоматынан 400 мың теңге көлемінде ақша алуға мүмкіндігі бар. Аталған келісім клиенттерге Қазақстандағы 2500-ден астам банкоматтан ақша алуды жеңілдетеді. Банктердің клиенттеріне ақша алу кезінде ұсынатын жеке ұсыныстары өз күшінде сақталады. Елімізде 3,5 млн қазақстандық жоғарыда аталған 4 банктің төлем карталарын пайдаланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз