Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Бүгін елімізде екі бірдей кәсіби мереке - Мемлекеттік қызметкерлер күні мен Қазақстан полициясының 30 жылдығы аталып өтілуде.

Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы жетістігі, халықтың әл-ауқаты мен олардың билікке деген көзқарасы мемлекеттік қызметкердің еңбегі мен беделіне байланысты болса, батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі болған тәртіп сақшылары облыс қалалары мен аудандарында құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда күрделі әрі жауапты міндеттерді лайықты деңгейде орындайды.

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында қос мерекеде аудан әкімі Ерболат Садырқұлов үздік мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады.

Аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында сап түзеген өз ісіне адал, Отан үшін отқа түсуге әзір азаматтар әр деңгейдегі төс белгілер мен Құрмет және алғыс хаттарымен аудандық полиция және мемлекеттік қызметкер марапатталып, алғысын алды.

Еліміздің гүлденуімен қатар Қазақстан полициясы да өз даму жолынан өтті. 30 жыл бойы олар ішкі тыныштық пен тәуелсіздікті сақтау жолында талмай, танбай тер төгіп келеді.

Ел тыныштығын ойлаған айбынды да адал қызметтің нығметі назардан тыс қалған емес. Бүгінде ауданымызда ел тыныштығын сақтауға 80-нен астам полиция қызметкері ат салысып жатыр.

Сонымен қатар, ел дамуына бар күш-жүгерін, өмірін арнаған, мемлекеттік жұмыстың ыстығы мен суығына төзе білген қызметшілердің басы қосылған жиында мемлекеттік қызметте еңбек етіп, жетістіктерге қол жеткізген мамандар марапатталды. Бүгінде ауданда мемлекеттік қызметте 167 адам жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан білімділікті, жан-жақтылықты, жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге халық өмірінің барлық салаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүктелді. Күнделікті жүйелі және үйлесімді мемлекеттік қызметкерлердің арқасында мемлекеттік аппараттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға, демократияны, елдің экономикалық дамуын және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенім білдіріп, елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтері үшін аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы алғыс білдірді.

 

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663