Сәби алдымен өз ана тілінің нәрін татсын!

0
2704

Қазіргі біздің жас аналардың көбі орыс тілді. Яғни баласының бойында бір ғана «қазақ» деген қан емес, «орыс» деген қан араласып кеткен. Баланың жүрегі қазақ деп соғу үшін, өз ана тілінде тілі шығып сөйлеп, өз туған тілінің нәрімен сусындау керек.
Шалқар радиосын «Өнегелі отбасы» бағдарламасының қонағы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог, ұстаз Назым Ділтайқызы бала тәрбиесі жөнінде осылай сөз қозғады.
«Кезінде біздің мықты бабаларымыздың бәрі бәленбай тілді білген. Бірақ ең бірінші өзінің ана тілін білген. Сондықтан балаға бірінші бесік жырын айтудан бастау керек. Ал бізде ондай аналар күн сайын сиреп келе жатыр. Кейін баланың ойына бір елес келеді. Құрсақта жатып қай жақынның үнін естіді, қандай тілді естіді, соның бәрі кейін біртіндеп оянады», — дейді ұстаз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.