Аграрлы аймақтың дамуы Астананың өркеніне кепіл

0
928

Биыл Ақмола облысында әр деңгейдегі 673 елді мекендерді қамтыған, есеп беру кездесу өтті. Кездесуге 72 мыңнан астам тұрғын қатысып, 700-ден аса өтініш-ұсыныс түсіпті.
Сол есепті кездесулердің маңыздысы болып табылатын, Астаналық облыстың әкімі М.Мырзалин мен облыс орталығы Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаевтың халықпен кездесуіне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Әкім Мәлік Мырзалин «Ақмола облысының 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» өңір халқының алдында өткен айда есеп берді.

Баяндама басында Мәлік мырза еліміздің дамуы, өркені, алдағы мақсатына тоқтала келе, мемлекет басшысының дамыған 30 елдің қатарына енуге қажетті негізгі 10 басымдыққа арнайы тоқталды.
Әкім келесі кезекте, облыс жағдайына тоқталды. Шешен сөзінде: «Әр деңгейдегі 673 елді мекенді қамтыған есеп беру кездесуге 72 мыңнан астам тұрғын қатысып, 700-ден аса өтініш-ұсыныс түсті, олар шешімін табады. 2017 жыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын табысты аяқтады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде оң өсім байқалды. Салаға 257 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 14,9 миллиард теңгесі сыртқы инвес-тиция.
Іске асырылып жатқан үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар құрылыс жұмыстарының көлемін 115,9%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осы орайда республика облыстарының ішінде екінші орынға ие болып, 426,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім 16,9 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 5,5%-ға өсіп, 110184 теңгені құрады.
Былтыр қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80 пайызды құрап, облыс еліміздегі инвестиция өсімі бойынша 4-ші орыннан көрінді. Жекеменшік үй салу көлемі 130 пайызға өсті. Биыл көппәтерлі 28 үй салу жоспарлануда. Облыс орташа түсім әрбір гектардан 12,2 центнерді құрай отырып, 5,3 млн. тонна астық жинап, бидай экспортының көлемі 4,3 пайызға өсірді.
Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және егін жинау үшін де пайдаланылады Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша да облыста белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы 35 ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылды, оның ішінде 30 сүт сатып алу бойынша және 5 ет дайындау бойынша, отбасылық бордақылау алаңдарын құру үшін 3241 бас ірі қара мал басы сатып алынды, екі мал сою алаңының жабдықталуы жетілдірілді, 10 сүт тасымалдау автокөлігі, сондай-ақ 2 рефрижератор сатып алынды.
2018 жылы 28 ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және кооперацияға тартылатын жеке шаруашылықтардың мал санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.
Өңірде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржыландыру 1,8 есеге артып отыр. 6 мың жұмыс орны ашылған. Аймақ басшысы ауылда бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Шалғайдағы елді мекендердің көбінде әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым нысандары жетіспейтінін алға тартты. Президенттің үш ауысымды мектептер мен апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста 7 мектеп салынып жатыр. Облысқа 384 медицина мамандары жолдамамен келді. Биыл жаңадан 12 денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға беріледі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылады деп күтілуде. Туризм саласын дамыту өзекті мәселе. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасының 3-інші кезеңіне 61,4 миллиард теңге бөлінген. «Қазақстанның 100 қасиетті орны» республикалық картасына Ақмола облысының 10 нысаны «Қазақстанның киелі географиясы» картасына енді
Әкім облыс орталығы Көкшетаудың дамуына да айрықша тоқталды. Басты жаңалық — жылу электр орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Облыс орталығында онкологиялық емхана құрылысы басталады. Қаланың ескірген, тозығы жеткен су-жылу желісін түгел ауыстыру жұмыстары қолға алынады.
Кездесу соңында залда жиналғандар мен облыс басшысымен бейнеконференция байланысы арқылы тікелей тілдесуге мүмкіндік алған өңір жұртшылығының сұрақ-жауаптар алмасты. Халық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, елді мекендерді абаттандыру және балабақшалар құрылысы, экология мен спортты дамыту мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Облыс орталығында мүгедек балалар үшін арнайы мектеп салынса деп өтініш білдірген ата-аналарды облыс әкімі жеке қабылдауына шақырып, бұл мәселе жан-жақты зерттеліп, бір шешім шығарылатынын жеткізді. Макин қаласындағы бірде-бір тұрғын үй салынбағанын жеткізген тұрғынға , биыл қалада көппәтерлі 5 үй мен бір жатақхана құрылысы басталатынын, әкім жеткізді. Skyре арқылы байланысқа шыққан атбасарлық жылдың жыры Атбасарды су алатыны жайлы, тасқынға қарсы салынатын бөгет құрылысы жайлы сұрады.

Қала өркені —
өңір өркеніне серпін

Көкшетау қаласы әкімі Е.Маржықпаев, қала жұртымен кездесуден бұрын тоғыз округ тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тындап, жиынға тас түйін келіпті. Ол «Достар» мәдениет үйінде қала ұйымдарының жетістіктер көрмесін тікелей өзі таныстырды.
Мына фотаны екі мақаланың ортасына үлкейтіп салыңдар
Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттер туралы баяндамасын Елбасының алға қойған мақсаттары, жолдауларына қысқаша тоқталып, қала өркеннің қозғаушы күші болған, өнеркәсіп, шағын және бизнестің қанат жайына кеңінен тоқтап, әлеуметтік салада атқарылған істерге кеңінен тоқталды. Әкім баяндамасында: —Экономиканың негізі болып табылатын өнеркәсіп өндірісі жоғары қарқынмен дамып келеді. Өткен жылы қаладағы өндірістік кәсіпорындар 101,8 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Индустрияландыру картасы бойынша 20,2 миллиард теңгенің 17 жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 1257 жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткіздік. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы аймақтық үйлестіру кеңесімен 130 миллион теңгенің 13 жобасы мақұлданды. Былтыр ауылшаруашылығы бойынша 4,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.Халықтың тұрғын үйге деген сұранысын өтеудің бір жолы — құрылыс қарқынын дамыту болса, өткен жылы 158,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әсем ғимараттар бой көтерді.
Көкшетау жыл өткен сайын құлпырып, ажарлана түсуде. Түрлі көрікті орындар пайдалануға беріліп, сәулеті жарасқан қалаға айналуда. Бірақ, осы сәулетті құртып тұрған бір нәрсе бар, ол — тазалық мәселесі. Жергілікті билік те Көкшетауды таза қалаға айналдыру үшін барын салуда. Осыдан бірер жыл бұрын қалада эстетикалық талғамға сай 30 шақты шыны аялдамалар орнаттық. Бүгінде оның 10-ы ғана қалды. Қала бойынша 133 камера болғанымен, бәрін бақылау мүмкін емес. Аллеялардағы орындықтар, қоқыс жәшіктері де жиі жоғалады. Егілген гүлдер де жоқ боп кетеді. Саябақтардағы орындықтар да жиі ұрланады. Мұнымен күресу полицияның немесе әкімнің ғана міндеті емес, бәріміз жұмыла күш біріктіретін – баршаның ісі, Астаналық облыстың орталығы Көкшетаудың өркендеген әлеуеті, өңірдің өркендеуіне зор серпін береді – деп, сөзін бітірген әкімге, тұрғындардан сауалдар қойылды.
Облыс әкімі М.Мырзалин алда тұрған міндеттерді айқындап, атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өз пікірін ортаға салды.

Дахан Шөкшир

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.