Президенттік жастар кадрлық резервіне таңдалған 7 жас кадр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде басшылық лауазымға тағайындалды.
Қалалық әкімдіктегі бос лауазымдарға тағы 10 резервші ұсынылып отыр. Әкімдіктің ресми ақпаратына сәйкес, бұған дейін стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары – ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған Нұрлыбек Балықбаев қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Дәулет Кәрібек «Нұр-Сұлтан жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы лауазымына өтті. Ерлан Сыздықов «Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасарлығына келді. Әнуар Бижан «Нұр-Сұлтан активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алулар мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Дина Даниярова «Astana Invest» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Лаура Демесінова «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз