Апатты мектептер жаңартылады

Апатты   мектептер жаңартылады

«Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан салынып жатқан мектептер туралы айтты», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Қалада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін келесі оқу жылында ашуды жоспарлап отырмыз. Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Олар Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысында, Көксеңгір көшесінің бойында, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысында, Тұран даңғылының бойында, Тұран даңғылы мен №24 көшенің қиылысында орналасқан. Мәселен, Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінің қиылысындағы білім ордасы 87 жыл бұрын салынған ескі мектепті алмастыруға мүмкіндік береді. Жаңа оқу орны екі ауысымда 2400 оқушы орнына есептелетін болады. Көксеңгір көшесіндегі мектеп (Кирпичный елді мекені) осыған дейін апатты деп танылған, қазір бұл мектептің орнында жаңа оқу орнының құрылысы жүріп жатыр. Қазір бұл елді мекенде басқа мектеп жоқ, сол себепті оқушылар өзге аудандарға қатынап оқиды.

Тұран даңғылы мен №24 көшенің қиылысындағы және Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы білім ошақтары №85 мектеп-лицейінің және №89 мектеп-лицейінің үш ауысымды проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бұл мектептердің әрқайсысы екі ауысымда 2400 оқушыға арналған.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы екі жылда Астанада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 24 мектеп салынады», – деп жазды елорда әкімі.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Мешіт – имандылықтың ұясы»
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы - 15.09.2024 66
БҮГІН ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі - 15.09.2024 10
«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.09.2024 5
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.09.2024 103
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 155
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 166
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 618
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 723
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 722

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4542
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3985
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6434
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4945
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6147