ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

0
474

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ауданда этносаралық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамы белгіленген кесте бойынша ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде.
Тұрғындармен кездесу өтпестен бұрын аудан әкімі Нарбай Ергебеков аймағымыздағы этномәдени бірлестік жетекшілерімен және белсенді мүшелерімен аудандық кітапхананың «Білім» орталығында кездесу өткізді. Кездесуде аудан басшысы өңіріміздің бірлігі мен татулығын, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында бірлесіп жұмыс жасау мақсатында жиналып отырғандарын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы кездесуге қатысып отырған азаматтардың этносаралық жағдайды тұрақты ұстауға бағытталған арнайы топтың құрамына енгізілгенін де баса айтты. Осы орайда, этномәдени бірлестік мүшелерінің ұсыныс-тілектерін тыңдауға дайын екендігін білдірді.
Алғашқы болып сөзді «Мехрибан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эсмира Мамедова алды. Ол жастарды тәрбиелеуді мектеп қабырғасынан бастау керектігін ұсынды. Яғни, мектептерде түрлі кездесулер өткізіп, еліміздің бірлігін, ынтымағын балалардың санасына сіңіріп өсіру керек. Сонымен қатар, мұндай шараларға учаскелік полиция инспекторларының да атсалысу қажеттігі де айтылды. Ал, шешен этномәдени бірлестігінің жетекшісі Лечи Оздамиров аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруындағы іс-шараларға өзге ұлт өкілдерін көптеп тартса, бірлігіміз одан да әрі нығая түсетінін жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде еліміздің бірлігін, ынтымағын сақтау баршаның міндеті екендігі кеңінен сөз болды.
#ЖУАЛЫАУДАНЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.