Бұл күні жамбылдықтар ерте таңнан “Көне Тараз” тарихи-этно-мәдени кешенінің аумағына қарай ағылды. Көп ұлтты Тараз шаһары – нағыз достық мекеніне айналғандай. Қайда қарасаңыз да көздеріне қуаныш ұялап, шаттықтан жүздері бал-бұл жанған адамдарды байқауға болады. Түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлері мен өнерлерін ортаға салып, тағамдарын ұсынып жатты…
Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев этномәдени орталықтардың өкілдері әзірлеген түрлі тағамдардан дәм татып, музыкалық нөмірлерін тамашалады.
Сондай-ақ, мереке барысында ет және сүт өнімдерін, бал және жеміс-жидектерді ұсынған жергілікті кәсіпкерлер де аз болмады.
Одан кейін салтанатты шара ұйымдастырылды. Онда үлкен экран арқылы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы туралы баяндалатын бейнесюжет көрсетілді.
– Бірлік – біздің басты жетістігіміз. Қоғамда бейбітшілік пен тыныштық болғанда ғана экономика, әлеумет, мәдениет, ғылым дами алады. Біз ата-бабаларымыздың аманаты болған – рухани құндылықтарымыз бен дәстүрімізді үзіп алмауымыз керек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытудың бірегей қазақстандық моделін құрудың бастамашысы бола білді. Біздің елімізде алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты қоғамдық келісім институты құрылды. Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық пен игілік, жерімізде бейбітшілік пен келісім орнай берсін,- деп түйіндеді аймақ басшысы өз сөзін.
Ал өнер тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов кезінде қазақтар жер аударылған халықтарға көмек қолын созып, олармен соңғы үзім нанымен бөліскенін айтып өтсе, ал күрд диаспорасының көшбасшысы Сабри Асанов қазақтарға көңілдерінің кеңдігі мен қонақжайлығы үшін үлкен алғысын білдірді.
Облыс аумағында тіршілік кешіп жатқан өзге де этностардың өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысында 80-нен астам этнос өкілдері тұрады.
Шара барысында ұлттық киімдегі бір топ жамбылдықтардың “Атамекен” әнін әуелете орындап, бейбітшілік символы – ақ көгершіндерді аспанға ұшырғаны мерекенің мазмұнын аша түсті.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жастарды дамыту, толеранттылық қағидаттарын және қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Өз кезегінде мерекеге белсене қатысқан бірқатар этнос өкілдерімен тілдесіп, олардың ой-пікірлерін құлақ түрген едік. Солардың бірі қазақ даласына өткен ғасырдың 30-шы жылдары қоныс аударылған поляк ұлтының өкілі Наташа Калькова.
«Кезінде түрлі себеппен қоныс аударып келгендерге қазақтардың қалай көмектескені, қиын уақытта қол ұшын беріп, жасаған жақсылығы туралы біз жақсы білеміз. Ол туралы біздің отбасымызда әрдайым айтылып отырады», – дейді Н.Калькова.
Колледж студенті түрік қызы Әсия Бешли-оглы осы секілді игі шараларды жиі ұйымдастырып, жастардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасын нығайта түсу керек деп есептейді. Ал, Хуршед Эшматов облыста мыңнан астам тәжіктер тұрып жатқанын, олар аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жатқанын жеткізді.
Украиндық Татьяна Полищук пен ұйғыр ЭМБ басшысы Мұхаббат Турдыева Қазақстанда ұлтаралық келісімнің берік деңгейі сақталып отырғандығын айрықша атап өтіп, оны бұзуға ешқандай негіз жоқтығын баса айтты.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың әскери кафедрасының оқытушысы Оңалбек Құрманбек елімізде тіршілік кешіп отырған өзге халықтарға құрметпен және достық пейілмен қарау – қазақ халқының қанына біткен қонақжай, ақкөңіл қасиеттерінің көрінісі екендігіне назар аудартты.
Айта кетейік, бұл күні облыстың барлық аудан, елді мекендерінде ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Қордай ауданындағы Қаракемер, Масаншы және Сортөбе ауылдарында болып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, қоғамдағы бірлікті, бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.
– Сонау қиын-қыстау кезеңдерде көптеген этностар мен ұлттар қазақ жеріне қоныс аударылды. Қазақтар ешкімнің де діні мен тіліне қарамай, құшақ жая қарсы алып, қолындағы нанымен бөлісті. Содан бері жергілікті халықтар мен қоныс аударушылар етене араласып, тату-тәтті тірлік кешуде. Қазақстан – достықтың орталығы, -деген облыс әкімі аудандағы ахуалдың тұрақталғанын баса айтып өтті.
Сондай-ақ, кездесуде Масаншы ауылының тұрғыны Луй Исхар елдегі барлық этностардың тату-тәтті тіршілігін тілге тиек етіп, оларды мемлекеттік тілді меңгеруге шақырды.
– Біз Қазақстанда тұрып жатқаннан соң мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуге міндеттіміз. Қазақстан бізге өз мәдениетіміз бен дәстүрімізді сақтауға жағдай жасады. Біз де енді өз кезегімізде қазақ тілін білу арқылы оларға деген құрметіміз бен алғысымызды көрсету керекпіз. Мемлекеттік тілді білсек өзара қарым-қатынасымыз да тереңдей түсері сөзсіз,-деді Л.Исхар
Жалпы, Алғыс айту күні – бұл қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың мерейлі мерекесі. Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, құрмет пен достық сезімдерді ұялату, елдегі ұлтаралық келісім мен қатынастарды нығайту болып табылады.
________________

Жамбылцы отметили День благодарности

В этот по-весеннему солнечный и теплый день площадь историко-этнокультурного комплекса «Көне Тараз» с раннего утра была заполнена жамбылцами, многие из которых облачились в национальные костюмы.
Образовался настоящий круг дружбы многонационального Тараза, красочная палитра из улыбающихся людей, звуков различных инструментов, столов с блюдами на любой вкус.
Прекрасной погоде соответствовало праздничное настроение людей, которое передалось гостю, народному артисту Казахстана Тунгышбаю Жаманкулову, вместе с акимом области Бердибеком Сапарбаевым заглянувшего в импровизированные шатры, где представители этнокультурных центров угощали кулинарными вкусностями, а некоторые даже организовали музыкальное сопровождение.
Круг дружбы продолжили местные предприниматели, представившие мясные и молочные изделия, мед и фрукты.
Затем действо переместилось на главную сцену, фоном которой служил огромный экран, транслировавший сюжеты о единстве и многообразии казахстанского народа.
– Именно это и есть наше главное завоевание, – отметил в своем выступлении аким области Бердибек Сапарбаев. – Мир и спокойствие в обществе есть непреложная основа развития всех других сегментов: экономики, культуры, науки… Казахский народ всегда отличало милосердие, доброта и любовь к ближнему. Мы должны продолжать и свято хранить ценности и традиции наших предков. В течение 30 лет независимости Елбасы, Первый Президент Нурсултан Назарбаев стал инициатором создания уникальной казахстанской модели развития межнациональных и межконфессиональных отношений, именно в нашей стране впервые был создан такой институт общественного согласия, как Ассамблея народа Казахстана. Здоровья и благополучия вашим семьям, пусть на нашей земле всегда царят мир и согласие! – резюмировал глава региона.
О том, что казахи протянули руки помощи депортированным народам в самые тяжелые годы, делились с ними последним куском хлеба, говорил в своем выступлении Тунгышбай Жаманкулов. А лидер курдской диаспоры Сабри Асанов выразил большую благодарность казахам за широту души и глубину сердец.
На сцену выходили и представители других этносов, населяющих область, в регионе проживают представители более 80 этносов национальностей.
Глубоким смыслом была наполнена финальная сцена, когда жамбылцы в национальных костюмах проникновенно исполнили песню «Атамекен» и выпустили в небо символов мира – белых голубей.
Аким области повышенное внимание уделяет вопросам развития молодежи, формированию принципов толерантности и высокой культуры общения. Согласна с ним и полячка Наташа Калькова, прабабушка которой была выслана в казахские степи еще в 30-х годах прошлого века.
– В моей семье из поколения в поколение передаются истории о том, как казахи помогали польским переселенцам обустроиться и выжить в это нелегкое время, – говорит молодая девушка.
Студентка колледжа Асия Бешли-оглы считает, что необходимо устраивать как можно больше подобных мероприятий, где молодежь могла бы общаться друг с другом, налаживать контакты и, быть может, даже создавать семьи.
Хуршед Эшматов отметил, что в области проживают более тысячи таджиков, которые активно участвуют в общественной жизни региона и вносят свой вклад в социально-экономическое развитие.
Украинка Татьяна Полищук не видит особых причин для беспокойства, в Казахстане межнациональное согласие находится на высоком уровне, в чем немалая заслуга Елбасы Нурсултана Назарбаева. С ней согласна и руководитель уйгурского ЭКО Мухаббат Турдыева.
Преподаватель военной кафедры ТарГУ Оналбек Курманбек подчеркнул, что миролюбие и уважительное отношение к другим народам является главной чертой казахского народа.
Масштабные праздничные мероприятия прошли во всех населенных пунктах области. В этот день глава региона также побывал в сёлах Каракемер, Масанчи и Сортобе, поздравил жителей с праздником, призвал к сохранению единства, мира и согласия обществе.
– В тяжелые годы представители многих этносов и наций были переселены на казахскую землю. Казахи не смотрели на различие языка или вероисповедания, встречали всех радушно, делились куском хлеба. В дальнейшем дружба между людьми только крепла. И сегодня Казахстан – общий дом для всех, – отметил аким области
Житель села Масанчи Луу Исхар призвал всех жамбылцев сохранять мир и спокойствие, а также изучать государственный язык.
– Поскольку мы живем в Казахстане, мы обязаны знать государственный язык. Казахстан предоставил нам возможность развивать свою культуру, язык и традиции. Теперь мы со своей стороны должны выразить признательность и уважение через изучение казахского языка и культуры. Если будем знать казахский язык, наша дружба будет только крепнуть, – подчеркнул Л.Исхар.
В целом, День благодарения – это яркий праздник казахстанского патриотизма, единства и дружбы, ключевая цель которого – воспитание у подрастающего поколения чувства толерантности, уважения и дружелюбия друг к другу, укрепление межэтнического согласия и межнациональных отношений в Казахстане.

Жамбыл облысы әкімдігі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.