Биыл Түркістан облысында түрлі салаларды цифрландыру мақсатында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өткен жылы облыс көлемінде цифрландыру саласы бойынша 17 жоба іске қосылған болатын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 177 ауылдық округте электрондық құжат айналым жүйесі енгізілмек. Бұған қосымша қаражат талап етілмейді.
«Облыста мектепте оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы Түркістан және Арыс қалаларының 11 мектебінде бейне-камералар орнатылып, «қауіпсіз-мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Арыс қаласында 6 мектепке 135 бейне-камера, Түркістан қаласында 6 мектепке 162-сі орнатылды. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы №13 Науаи атындағы мектепке демеуші есебінен бір IT класс және бір STEM панель қойылды. Түркістан қаласындағы №27 мектепте турникет орнатылып, оқушыларға арнайы идентификациялық карточкалар таратылды. Сондай-ақ, Е-кітапхана жүйесі пилоттық жобада енгізілуде», – деді Елнұр Рахымбердіұлы.
Басқарманың ұйымдастыруымен биыл Түркістан және Кентау қалаларының 3-D модельдері құрылады және аэрофотосъемка жұмыстары толық аяқталмақ. Бұдан бөлек, қосымша салық түсімдерін арттыру мақсатында, цифрландыру құрылғыларының көмегімен арнайы алгоритм дайындалған.
«Біздің есебіміз бойынша облыс бюджетіне қосымша 2 млрд. астам қаржы түсіруге мүмкіндік бар және облыстың салық базасын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге космо-мониторинг жұмыстары да жүргізілді», – деді басқарма басшысы.
Бүгінгі таңда облыста 838 елді мекен бар. Оның ішінде 101 елді мекенде ұялы байланысқа мүлдем қол жетімсіз. Аталған мәселе бойынша облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы салалық Цифрлық даму министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізіп, «Билайн» байланыс операторы жыл соңына дейін 82 елді мекенге ұялы байланыс арнасын енгізбек.
Өткен жылы басқармамен қосымша 33 жаңа мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Нәтижесінде облыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 91,2%-ы электронды жүйеге еніп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТУРКЕСТАН: В ЭТОМ ГОДУ ОКОЛО 30 ПРОЕКТОВ БУДУТ РЕАЛИЗОВАНЫ В ЦЕЛЯХ ЦИФРОВИЗАЦИИ РАЗЛИЧНЫХ ОТРАСЛЕЙ РЕГИОНА

В этом году в Туркестанской области планируется реализовать 29 проектов с целью цифровизации различных отраслей. В прошлом году в сфере цифровизации было запущено 17 региональных проектов. Об этом сегодня в ходе брифинга в региональной службе коммуникаций сообщил руководитель областного управления цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Елнур Утебаев.
Кроме того, до конца текущего года в 177 сельских округах будет внедрена система электронного документооборота. Дополнительные средства на эти цели не требуются.
«В области для обеспечения безопасности учащихся, обучающихся в школах, через АО «Казахтелеком» установлены видео-камеры в 11 учебных заведениях г. Туркестан и Арысь, реализуется пилотный проект «Безопасная школа». В городе Арысь установлено 135 видеокамер в 6 школах, в городе Туркестан 162 в 6 школах. Кроме того, в школе имени Навои №13 г. Туркестан за счет спонсора были уставлены один IT класс и STEM панель. В школе №27 города Туркестан был установлен так же турникет, учащимся были розданы специальные идентификационные карточки. Также в пилотном проекте внедряется система Е-библиотеки», – сказал Елнур Рахимбердиевич.
При организации управления в этом году будут созданы модели 3-D городов Туркестан и Кентау и полностью завершены работы по аэрофотосъемке. Кроме того, в целях увеличения дополнительных налоговых поступлений разработан специальный алгоритм с помощью средств цифровизации.
«По нашему подсчету, имеется реальная возможность дополнительно вложить в бюджет области поступления в 2 млрд., что позволит заполнить налоговую базу области. Кроме того, в Шардаринском, Махтааральском и Жетысайском районах проведены работы по космо-мониторингу земель сельскохозяйственного назначения», – сказал глава управления.
На сегодняшний день в области 838 населенных пунктов. Из них в 101 населенных пунктах совершенно недоступна мобильная связь. По данному вопросу областное управление цифровизации, оказания государственных услуг и архивов проводит соответствующую работу с отраслевым министерством цифрового развития и оператор связи «Билайн» до конца года планируют ввести канал сотовой связи в 82 населенных пунктах региона.
В прошлом году управлением автоматизировано дополнительно 33 новых государственных услуг. В результате 91,2% государственных услуг в области вошли в электронную систему.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз