Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбырыотандық көгілдір отынмен еліміздің солтүстік, орталық және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қаласын қамтымақ. Сондай-ақ, «Сарыарқа»магистральнажақын маңдағы 171 елді-мекенге газ беріледі. 

Жоспар бойынша «Сарыарқа» газ құбыры 2,7 миллион тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді деп күтілуде.Ресми ақпаратқа сәйкеселімізде жылдан жылға газ тұтыну көлемі 4-5%-ға артып келеді.Биылреспублика бойынша 57 млрд текше метркөгілдір отын өндіріліп,елдегігаз өндіру көлемі 1,2%-ға артпақ.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің есептеуінше биыл күзде елорданы газбен қамтамасыз ету мақсатындағы алғашқы желілер іске қосылатын болады. Яғни, алдын ала болжам бойынша қала тұрғындарыжаңа жылыту маусымын көгілдір отынмен қарсы алады.Осы орайда астаналық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Жандыбаев қаланы газдандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны, астаналық газ тарату желілеріне кім қызмет көрсетумен айналысатыны және тұрғындар тарапынан қанша шығын жұмсалатыны туралы мәлімдеді.

Дәурен Жандыбаев Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмыстары екі бағытта жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Біріншісі – тұрғын үйлерге арналған газ тарату желілерінің құрылысы. Екінші -­ жылу электр орталығын газдандыру. Бірінші бағыт бойынша жұмыс үш кезекке бөлінген. Бірінші кезекте газдандыруды біз жүргізіп жатырмыз. Жұмыстар өткен жылдың қыркүйек айында басталды.Мердігер компаниялардың өзара соттасуына байланыстыконкурстық рәсімдер кешеуілдегенін білесіздер. Өткен жылы біз траншты әзірлеу бойынша жұмыстарды орындадық. Бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 3 млрд. Теңге материалдар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Биыл 5 млрд теңге, келесі жылға – 6 млрд теңге бөлінді. Келісім-шарт бойынша 2021 жылы нысандарды тапсыруымыз керек. Бірақ биылғы жылы жаңа жылу беру маусымына газ беру үшін қосымша қаржыландыруды сұрадық. Мердігер ұйымдар озық жұмыс істеуге дайын, техника мен жұмыс бригадаларының саны артты. Жалпы жұмыстар жақсы қарқынмен жүріп жатыр», -деді Дәурен Жандыбаев. Сонымен қатар, ведомство өкілі қала аумағында магистральдық желілердің дайындық деңгейі қандай екені туралы да айтып берді. Оның айтуынша, жоғары қысымды магистральды газ құбырларының желісі қазірдің өзінде 80%-ға аяқталған. Мамыр айында Көктал, Теміржол, Оңтүстік-Шығыс тұрғыналабына қарай жеткізуші газ құбырлары тартылып бітеді.Сәуір айынан бастап әрбір көшеде өтетінорташа және төмен қысымды газ құбырлары желілерін салу басталады.Аталған тұрғын алаптардағы кейбір тар көшелерге жерүсті газ құбыры төселеді. Жерүсті газқұбыры, газбен қамтамасыз ету қызметтерінің сапасына әсер етпейді.

Дәурен Жандыбаев екінші және үшінші кезек бойынша газ тарату желілерін салу жөніндегі жоспарлар туралы да баяндады. «Біз жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқанының арқасында биыл бірден екінші, үшінші кезекте жобалауға конкурстар жарияладық. Олардың құрылысын келесі жылы бастаймыз деп ойлаймын», -деді Дәурен Жандыбаев. Оның айтуынша, бірінші кезекте Көктал, Агрогородок, Теміржол, Оңтүстік-Шығыс және Промышленный тұрғыналабын газдандыру қарастырылған. Екінші кезекте Интернационалдық, Күйгенжар, Мичурино, Family Village, Garden Village, Тельман және Пригородный. Үшінші кезекте Шұбар, Өндіріс және Үркер тұрғыналабын қамту жоспарланған.

Дәурен Жандыбаевелді-мекендерді газбен қамтамасыз ету негізінен халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. «Көмір жағу тұрғындар үшін оңай емес. Көмір, отын сатып алу керек. Күл шығару да үлкен жұмыс.  Пешті бақылау үшін үйде үнемі адам болуы керек. Қатты аязда түнде тұрып, көмір саласың, мұның бәрі өте қиын. Сондықтан республикамыздың барлық аймағын газбен қамтамасыз ету керек»,- деді басқарма басшысының орынбасары Даурен Жандыбаев. Ол сондай-ақтұрғын үйлерді газға қалай қосу керектігі мен газ құбырынан үйге дейінгі аралықты қосу шығыны қалай есептелетіні туралы сұрақтарға да жауап берді. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға сәйкес, газ құбырына қосылу тұтынушының есебінен жүргізілуі қажет.Әрбір тұрғын үйге бюджет тарапынан есеп құралы беріледі. Есептеуіш толығымен автоматтандырылған. Ол үйдің ішінде орнатылып, абоненттік қызметтің орталық диспетчерлік пунктіне қашықтықтан берілетін болады. Бұл өте ыңғайлы, тұрғындарды айғақтарды алу үшін алаңдатудың қажеті жоқ. Санауыш тіпті автоматты түрде пломбаның бұзылу фактісін тіркейді. Ал газ құбырынан үйге дейінгі аралық бойынша шығын әрбір тұрғынның өз қаражатынан жұмсалады», – дейді ведомство басшысының орынбасары.Ол жеке үйлерді қосу қызметтерін арнайы лицензиясы бар коммерциялық компаниялар ұсынатынын айтты. «Бұл бәсекелестік орта. Қызмет құны әр ұйымның маркетингтік саясатына байланысты. Кейбір үйлергаз құбырына жақын, кейбіреуі алыс орналасқандықтан шығын әртүрлі болуы мүмкін. Шамамен қосылу 100 мың теңгеден тұрады деп ойлаймыз. Оған қоса әр отбасы газ қазандығын сатып алуы керек. Олардың бағасы да өндіруші мен сапасына байланысты әртүрлі: Қытай, Ресей, Еуропа, Оңтүстік Корея деген сияқты», -деді Дәурен Жандыбаев.

Бұдан бұрын қала әкімдігі газбен қамтамасыз ету желілеріне қызмет көрсету үшін «Елорда газ» мамандандырылған ұйымын құруға бастама көтерген болатын. Алайда, ұлттық оператордың пайдасы үшінбұл идея қолдау таппады. Дәурен Жандыбаевтың айтуынша, астаналық газ тарату желілеріне қызмет көрсетумен газбен жабдықтау жөніндегі ұлттық оператор«ҚазТрансГаз Аймақ»-тың филиалы айналысатын болады.Техникалық шарттар халыққа тегін беріледі. Ұлттық оператордың биллинг жүйесі, авариялық қызметі де бар. Дәурен Жандыбаев елордадағы екі жылу электр орталығын газдандыру қалай жүріп жатқанын да айтты. Оның айтуынша, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға ауыстыру бойынша мердігерлік ұйымдар анықталды. Жабдықтар сатып алу және жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Екі ЖЭО-дағы барлығы 16 көмір және мазут қазандықтары газға көшірілетін болады. Биыл қазандықтардың алтауын газға көшіру жоспарланған.

 

Тілекгүл Есдәулет

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз