Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева айтып берді.

 Облыстағы 150 мектепте (139 күндізгі, 6 кешкі, 5 жекеменшік) 150 826 оқушы және 12 534 мұғалім 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшті.

Бүгінде облыстағы 150771 (99,9%) оқушыда электронды құрылғы (компьютер, моноблок, ноутбук, планшет, смартфон) және үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі бар.

Облыс мектептеріндегі 9190 компьютердің 1123-і мұғалімдерге уақытша қолдануға беріліп, 12534 мұғалімнің барлығы электронды құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Барлық оқушыда «Балапан», «Еларна» телеканалдарынан телесабақтарды көруге мүмкіндік бар (100%).

Мұғалімдердің ең жиі пайдаланған платформалары – mektep.edu.kz, darynonline.kz, bilimland.kz.

Мұғалімдермен кері байланысты оқушылардың 90%-ы WhatsApp мессенджері арқылы жүргізуде.

Қарақия ауданы Аққұдық мектебі штаттық режимде жұмыс жасайды (23 оқушы, 14 мұғалім). Ылғалды тазалық жұмыстары, залалсыздандыру, желдету, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай күнделікті жүргізіледі.

Маңғыстау ауданы Бекі ауылының бастауыш мектебінің 32 оқушысы «ҚазПошта» тасымалымен тапсырма жолдау арқылы оқытылуда.

Тұрғындардың пайдаланбайтын электронды құрылғыларын оқушыларға сыйға тарту мақсатында «Қашықтықтан оқытуды қолдаймыз!» акциясы аясында  185 балаға демеушілер есебінен электронды құрылғы (планшеттер, смартфондар, роутерлер, теледидарлар, т.б.) және 3 теледидар сыйға тартылды.

Облыс бойынша басқарма және қалалық, аудандық білім бөлімдері жанынан 8 call-орталық жұмыс жасайды. Орталық жұмыс жасағаннан бері тұрғындардын барлығы 239 сұрақ түсті. Сұрақтардың негізі электрондық құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету, сабақ кестесін құру, т.с.с болды.

Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз