Prosports.kz сайты: «DAZN News қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы бірінші жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты.  2017 жылдың қазан айында өткен жекпе-жекте төрешілер тең нәтиже тіркеген болатын. Дейв Моретти 115-113 есебімен жеңісті Головкинге берсе, екінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тең түсті деп шешкен. Ал жекпе-жектен соң сынның астында қалған Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңіске Сауль Альварес ие болды деп жазған. Араға екі жылдан астам уақыт салып DAZN жанкүйерлер мен сарапшылардың сынына ұшараған жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты. Бұл жолы жаңа төрешілер – Андреас Хейл, Марк Лелинвалла және Стивен Мюльхаузен тағайындалды. Нәтижесінде үш төреші де Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альврестен басым болғанын айтып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Өкінішке орай, спортта, әсіресе бокста, мұндай ережені бұра тартып бұзушылық, ақша үшін екінші жаққа қиянат жасап, жеңісті көпе-көрнеу жеңілген жаққа беру сынды жәйттер жиі кездесіп тұрады. Мұндайда қазақ: «Мықтының арты диірмен тартады»,— деп өмірде қиянаттың жиі орын алатындығын бағзы заманда-ақ ескертіп кеткен. Сол себепті, бұл кештеу болса да әділ қабылданған шешім біз үшін: «Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шеп»,— деумен пара-пар. Дегенмен, әділеттілікті жақтайтындарлдың да барекендігі көңілге медеу. Ендеше, Генаға: «Сағың сынбасын, қазақ, әділдік сен жағында!»— деп, қолдау көрсетелік те!

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз