Оқу жылының аяқталуы

0
408

Тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға бұл қашықтықтан оқытуға дайын болу мектеп мұғалімдеріне оңай болған жоқ. Бірақ, сын тұрғысынан ойлай білетін, креативті тұлғаның қалыптасуына ықпал етіп жүрген, кәсіби шеберлігі шыңдалған әрбір мұғалім осы мүмкіндіктерді өзінің біліктілігіне, біліміне және тәжірибесіне қарай атқаруда. Ұстаздардың жетіктілігі- мектептің мақсатымен байланысты. Осындай үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырып жатқанын мектебімізден көріп     отырмыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылын аяқтауға байланысты нормативтік құжаттарды бекітіп берді және  оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығы көрсетілген. Төртінші тоқсан мен 2019-2020 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында мамыр айында барлық сыныптарда 1-бөлім бойынша жиынтық жұмыс (БЖБ) және І тоқсан бойынша жиынтық жұмыс (ТЖБ)  өткізіледі.

1-10-сыныптарда аптасына екі немесе одан да көп сағаттан тұратын оқу пәндерінде 1-бөлім бойынша жиынтық жұмыс (БЖБ) және 1 тоқсан бойынша жиынтық жұмыс (ТЖБ) орындалады. 1-10-сыныптарда аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша І бөлім бойынша жиынтық жұмыс (БЖБ) өткізіледі.

Биылғы мектеп бітіретін 11-сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендіктен, 11 сыныптардан дәстүрлі бақылау жұмыстары алынады. Сонымен қатар   11-сыныпта «Алгебра және геометрия», «Информатика», «Биология», «География», «Физика», «Химия», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Шет тілі», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша ағымдағы бағалар және 4-тоқсанның қорытынды бағасы қойылады, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «есептелді»/ «есептелінбеді» қойылады.

«Дене шынықтыру», «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәндері бойынша жылдық баға 2019-2020 оқу жылының 1,2,3-тоқсандарының қорытындысы негізінде қойылады.

1-10-сыныптарда оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 2020 жылғы 4-11 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау,  ал оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша  2020 жылғы 11-15 мамыр аралығында жүргізіледі.

1-10-сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныпта бақылау жұмысын өткізу мерзімі: 2020 жылғы 18-22 мамыр аралығында.

БЖБ-ны өткізу уақыты – 20 минут, ТЖБ-ны өткізу уақыты –  40 минут.        1-4-сынып білім алушылары үшін БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты регламенттелмейді және  БЖБ және ТЖБ мазмұны пән бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес өтілген оқу материалын қамтуы қажет. Бұл екі бағалау түрі де қашықтықтан жүзеге асырылады. Тапсырмаларды мұғалімдер құзырлы министрліктің бұйрығына сәйкес өздері құрайтын болады.

1-4-сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары қиын болмауы керек және 2 тапсырмадан артық берілмеуі тиіс, ал 5-10-сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары 5 тапсырмадан артық берілмеуі қажет.

Мұғалімдер сонымен қатар үйде оқитын оқушыларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу жүктемелері мен өтілген материалдарды ескере отырып, жеке оқу тапсырмаларын әзірлейді,  бұл ретте БЖБ және ТЖБ өткізу уақыты шектелмейді.

Бір күнде бір пән бойынша БЖБ мен ТЖБ болмауы керек, оған қоса күніне үштен артық жиынтық бағалауды өткізуге мұғалімдер жол бермеуі тиіс.

Биылғы оқу жылында 9 және 11-сынып түлектері қорытынды емтихандар тапсырмайды. Қорытынды баға ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде аттестатқа қойылады.

 

Г.Тайгельтирова,

          Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары,

№177 жалпы білім беретін мектеп,

                                               Алматы қаласы, Жетісу ауданы  

               

                      

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.