Құтқарушылар мен еріктілер суға түсу кезіндегі тәртіп бұзушылықтар бойынша рейд жүргізді

0
32

Суға түсу кезінде үш тәртіп бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, «Вirgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға рейд жүргізді. Еріктілер құтқару қайығымен Есіл өзенінің бойымен қайық станциясынан бастап екі бағытта жүрді. Рейд барысында рұқсат етілмеген аймақта суға түсу бойынша үш ереже бұзушылық тіркелді. Төтенше жағдайлар департаменті судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Сондай-ақ егер оқиға куәгері болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды сұрайды. Бұған дейін хабарланғандай, елордада 23 жағажай анықталды, бірақ олардың үшеуі ғана ресми түрде шомылуға рұқсат етілген. Атап айтсақ бұлар: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы және «Столичный двор». Қазіргі уақытта карантин режимінің күшеюіне байланысты шомылуға тыйым салынады. Жағажай маусымында елордада күн сайын 20 кәсіби құтқарушы, 30 қоғамдық құтқарушы және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының 15 қызметкері жұмыс жасайды. Сонымен қатар ТЖ департаменті әкімдікпен бірлесіп, тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер орнатты. Шомылу орындарын түбіне дейін тексеру жүргізіліп, демалыс аймақтары мен қалалық жағажай иелеріне ақпараттық хаттар табысталды.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/23893 https://www.youtube.com/watch?v=BAn9E_K8Q6s&feature=emb_logo

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.