«Kazakh Invest» компаниясы мен түрік инвесторлары жалпы сомасы 590 млн. АҚШ долларын құрайтын 9 инвестициялық құжатқа қол қойды. Келісімдер мен меморандумдар «Calik Holding», «Аgrobest Group», «Yildirim Holding», «Yildizlar SSS Holding» және басқа да түрік холдингтері арасында жасалды. Бұл компаниялар Қазақстан аумағында қыш тақтайша зауытын, газ-электр станциясын, кальций қосылған сода зауытын, гебицид өндірісі, ойын-сауық орталықтары секілді бірқатар жобаны жүзеге асырмақ. Гербицид өндіретін зауыт құрылысы қараша айында басталып, 12 айдан соң іске қосылады. Түрік инвесторлары жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде шетелдік жұмыс күшін Қазақстанға әкеледі. Олар өндіріс нысандарының құрылысын салу, құралдармен жабдықтау секілді жұмыстарды атқарады. Содан соң қазақстандық жұмыс күші пайдаланылады. Инвестициялық жобалар Қазақстанның барлық облысын қамтиды. Түрік инвесторлары дайын өнімді ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне экспорттау мен өз өнеркәсіптерін орналастыру алаңы ретінде қарастырады. Соңғы бес жылда түрік инвесторларымен 667,5 млн. АҚШ доллары сомасына 18 жоба іске асқан. Алдағы уақытта жаңа 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан мен Түркия арасындағы инвестициялық бастамалардың жалпы пакеті 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 70 жоба іске еніп, соның ішінде 31 жоба іске қосылды. Ал 40 жоба алдағы уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. 2017 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 925,1 млн теңгені құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз