Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сұрақтар үнемі қойылады. Бүгіндері «азық-түліктің бағасы қайтадан көтеріле ме?» деген сұрақ туындауда. Бірақ, Үкімет осыған дейін бағаны ұстап тұрған жоқ. Себебі, барлық дүкендердегі азық-түлік бағасын көтермей ұстап тұруға бола ма? Бұл мүмкін емес. Аталған мәселемен біз де, ешбір әкімдік те айналыспаған. Бұл – нарық. Сондықтан мен мұндай ақпаратқа назар аудармауға кеңес берер едім. Алаңдауға ешбір себеп жоқ. Бидай мен нанға қатысты сұрақтар бақылауда. 8 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі азық-түліктің басым линейкасында бағаның төмендеуі (дифляция,  0,9 пайызға) байқалуда. 8 айда инфляция 7 пайызды, ал өсім 0,1 пайызды құрады. Бұл жерде өсім азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулер есебінен болды. Ал азық-түлік саласында бізде дифляция байқалды. Кейбір азық-түлік өнімдеріне баға өсті. Алайда азық-түлік себетін алсақ, онда баға төмендеді. Бұл процес бір ай жалғасатын болады. Сонымен қатар біз қыркүйек айында да дифляция болады деп күтеміз», — деп, жұртты сабырға шақырды. Десе де: «Бағаны тұрақтандыруға шамасы келмесе, ондай органдардың барынан не пайда?»— дейтіндерге не дейміз?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз