ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында: «Бүгінде мектеп мұғалімдері үшін 80 мың бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар бар. Биыл аталған цифрлық материалды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып жатқанын көре аламыз. Бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар жүйесінде 200 мыңға жуық оқушы тіркелді.  Әрине, әзірше оқушылардың саны аздау. Биыл мобильді телефондар арқылы бейнесабақтарды көру көрсеткіші 28 пайызға көтерілді. Балалар математика, информатика мен ағылшын тіліне арналған интерактивті сабақтарды өз бетімен көріп жүр, бізді қуантатыны да осы»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз