Ақтауда Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиын Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, тарихымыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», — деген болатын.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов төрағалық еткен жиынға Астана, Алматы қаласынан арнайы келген Сәдуақас Ағытаев, Дмитрий Воякин, Зейнолла Самашев, Ислам Жеменей, Ақан Оңғарұлы сияқты архелог, тарихшылар қатысты.
Кеңестің мақсаты — тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелерін шешуге белсенді ықпал ету. Археология мен этнография, тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудің ғылыми логикалық жүйесін анықтау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңес 2007 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Басқосуда облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау саласындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, олардың сақталуы бойынша алдағы міндеттерін айқындады. Сонымен қатар, зерттелген дүниелерді насихаттаудың өзекті мәселесі талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз