Египеттің Бас прокуроры Набил Садаканың мәлімдемесінде: «Мешітте жарылыс ұйымдастырып, шабуыл жасағандар 25-30 жас аралығында болған. Олар «Бир аль-Абдке» жол талғамайтын бес көлікпен келген. Олардың көбі бет-ауыздарын тұмшалап алған, маска киген, ал бет-жүздері ашықтарының сақал-шашы өсіп кеткен. Содырлардың барлығы әскери камуфляж түстес шалбар киген, үстерінде қара футболка бар. Жарылысты жасаған террорист өзімен бірге ИМ террористік ұйымының туын алып жүрген»,— делінген. Мешітке жасалған теракт салдарынан қаза болғандар саны 305-ке жеткен көрінеді. Олардың 27-сі — бала, ал жарақат алғандар саны — 128 адам болса керек. Қантөгістің ертесі күні Мысыр әскери әуе күштері жиһадшылардың Синай түбегіндегі бекіністеріне әуеден шабуыл жасап, ДАИШ террорлық ұйымының 30 шамалы адамының көзін жойыпты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев терактіге байланысты Мысыр президентіне көңіл айтты. Осы оқиғаға байланысты Мысырда үш күн аза тұту жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз