Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожапағанов: «Елімізде латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленді. Бірінші кезең — 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді.

Екінші кезеңде ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлігін латын графикасы негізінде мелмекеттік тілде беру қарастырылған.  Яғни 2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету көзделген.

Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылатын болады. Үшінші кезең — 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл — қазына» орталығы құрылып жатыр»,— деген мәлімдеме жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз