8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде мәлімденді. 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады.
Халықтық кеңсе арқылы жыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.
2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.
Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жыл қорытындысымен 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары беріліп, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген. Соғыс ардагерлері мен соғыс ардагеріне теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2 983 адамға, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті. Сәуір айында «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

 СЕНАТОРЛАР АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙТЫНДЫҚТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 06.01.2025 24
Биыл айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды
Фото: «Milliy TV» телеарнасы АСТАНА. KAZINFORM https://kaz.inform.kz/news/biil-aynalimi-60-mlrd-tengen-kuraytin-36-zansiz-kriptoayirbastau-punkt-zhoyildi-54f855/ - 06.01.2025 71
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1209
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1546
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1554
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1546
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1557
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1337

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12435
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11345
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14580
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13531
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18552