Елімізде жер қатынастарын реттеу мәселесінде арнайы комиссияның шешімінен бөлек кейде сот төрелігіне жүгінетін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай мысалдар мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде бар десек артық айтқандық болмас. Жақында сондай бір жағдайдың шешімі туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланды.
Таратылған ақпаратта- «Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны-646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48 – бабының талаптарын сақтамағанын анықтады. Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді»,- делінген.