ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге. Өңір басшысы спортшылармен, бапкерлермен кездесіп, пікір алмасты. Спорт саласына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.
Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.
Аудан әкімі Бақыт Асанов өңір басшысына бұған дейін Мырзакент кентінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның, «Мырзакент» спорт сарайының және 20-дан астам шағын спорт алаңдының құрылысы жүріп, пайдалануға берілгенін атап өтті.
Өңір басшысы Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға 76 пәтер табысталған болатын. Ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 478
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 567
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 575
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 567
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 573
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 349

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11659
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13822
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12782
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17786