Елді алаңдатқан жол жөнделуде

Елді алаңдатқан   жол жөнделуде

Оралдықтар жиі қозғайтын өзекті мәселелердің бірі – қаланың Шолохов көшесіндегі жолдың жай-күйі. Ағымдағы жылы сол жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Шолохов – облыс орталығындағы басты көлік торабы әрі негізгі айналма жол. Бұл жолдың жөндеу жұмыстары туралы Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Азамат Халелов журналистерге сұхбат берді.

 – Жоба бойынша аталған көшенің С.Датов көшесінің қиылысынан бастап, С.Тюленин көшесіне дейінгі алғашқы бөлігіндегі жөндеу жұмыстары 14 мамырда басталды. Осыған орай бұл бөліктегі жол қозғалысы уақытша тоқтатылды. Белгіленген бөліктің жалпы ұзындығы 1,3 шақырымды құрайды. Мұндағы жөндеу жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылады деп жоспарланған. Яғни алдағы маусым айының соңына дейін. Осы уақыт аралығында жүк көліктері бұрынғыдай С.Тюленин көшесімен қатынай береді. Ал қалаішілік көліктер Әбілқайыр хан даңғылымен, С.Датов көшесімен жүретін болады, – деді Азамат Ерғалиұлы.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл жолдың бөлігінде әртүрлі 35 бизнес нысаны орналасқан екен. Олардың бірқатары жол жөндеу жұмыстары кезінде қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшеді. Мұндай жұмыс режиміне көшуге мүмкіндігі жоқ бизнес нысандары уақытша жабылады. Бөлім басшысы атап өткендей, Шолохов көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары  әлеуметтік-инвестициялық жобалар аясында «ҚПО.б.в» компаниясының қаражаты есебінен жүргізілуде. 

Жалпы жобаға сәйкес, 6,1 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оның бірі – 4,6 шақырымдық Шолохов көшесі, екіншісі – 1,5 шақырымдық Северный көшесі. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жобаға бөлінген қаражат 4,2 миллиард теңгені құрайды. Жоба шеңберінде жолды ұлғайту, жарықтандыру және жаяу жүргіншілер жолдарын салу шаралары қарастырылған. Шолохов көшесінің аталған бөлігі жөнделіп болғаннан кейін жұмыстар одан әрі жобаға сәйкес С.Тюленин – Ғ.Құрманғалиев көшелерінің аралығында, Ғ.Құрманғалиев көшесінен әрі қарай жалғасатын болады. Жол жұмыстарын мердігер мекеме «Адал арна» компаниясы атқаратын болады. Негізінен екі жылға жоспарланған жоба болғанымен, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінің қолайлылығы үшін жолды жөндеу жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтап, келесі жылға жарықтандыру және басқа да жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Егер мүмкіндік болса, барлық жұмыстарды биыл аяқтау да ойда бар.

Мердігер мекеме өкілі Жандәулет Нұрлыбаевтың айтуынша, Шолохов көшесіндегі жол жұмыстарына 80-ге жуық жұмысшы мен 30-ға тарта техника жұмылдырылған. Бұл жұмыстарға қажетті құрылыс материалдары толықтай дайындалған. 

ЛӘЗЗАТ ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586