Ұлыс мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда. Биылғы жылы бұл мерекені Игіліктіктер де ерекше қарсы алды.Қонақтарды Байқадам ауылдық округінен атқа мінген жігіттер қарсы алып, көшті Өндіріс ауылына бастады.
Шараға қатысқан аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамының терең мағынасына тоқталды.
Биыл ауыл тұрғындары бірнеше жылдан кейін бірінші рет көше болып наурыз тойын тойлауда. Шарада ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсетіліп, киіз үйлерде наурыз көже тартылды.
Атап айтсақ, қыз алып қашу, селт еткізер, беташар, бесікке салу, қыз ұзату және тұсау кесер басқа да қазақтың дәстүрлері Игілік ауылдық округінде кеңінен көрініс тапты.Сондай-ақ, күні кеше осы округтің 1978,1988,1998 жылғы жігіттердің ұйымдастыруымен түнгі мерекелік кеш ұйымдастырылып, алтыбақан аясында әндер шырқалды.