Жуырда, аудан әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлының қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде кеңес өтті. Кеңесте аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі ауданының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жөнінде баяндады. Сондай-ақ осы жобалардың аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындары жайында да айтты. Аудан әкімі 2022-2025 жылдар аралығында аудан бойынша 107 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, нәтижесінде 1160 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланғанын жеткізді. Оның ішінде 783 тұрақты жұмыс орны, 377 уақытша жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қанатбек Қайшыбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда бюджеттік жобалармен қатар, инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұндай жобалар әрбір ауылда атқарылу тиістігін баса айтты.