«Mangystau business» жобасының маңызы

«Mangystau business»  жобасының маңызы

 Биыл өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Mangystau business» бағдарламасын іске асыру жоспарланған. Оның аясында өз ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлер жылдық  1 пайыздық үстемемен 50 млн теңгеге дейін несие ала алады. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев  туризм саласында кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге ден қою қажеттігін атап өтті. Себебі өңірдің туристік тартымдылығын арттыру – облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі. 

 Еліміздің  экономикалық саясатының басым бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту,  ішкі нарықты отандық тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару. Маңғыстауда шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау бойынша бірнеше іс-шаралар пакеті жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, 2023 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 250 млн теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 есеге көп. 

Бұдан бөлек, облыста шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында биыл «Mangystau business» өңірлік бағдарламасын іске асыру жоспарланған. Оның аясында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер жылдық үстемемен 1% жеңілдікпен несие ала алады. Несие мерзімі – 60 ай. Өңірлік бағдарлама аясында 50 жаңа жобаға қолдау көрсетіліп, 100-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып жатыр. 

– Біз мұнай саласына жұмысқа орналасу бәріне мүмкін емес екенін бірнеше рет ашық айттық. Сондықтан мемлекет тұрғындар өз кәсібімен айналысып, өз ісін ашуы үшін нақты шараларды ұсынады. Ол үшін мемлекет есебінен кез келген адам тегін білім алып, бизнес-жоспар жасақтай алады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдетілген несие түріндегі қолдау шарасын пайдалануға мүмкіндігі бар. 

Сондай-ақ, биыл біз «Mangystau business» аймақтық бағдарламасын іске қосамыз. Бұл бағдарлама кез келген бастаушы кәсіпкерге үлкен мүмкіндік береді. Жасқа байланысты шектеу болмайды. Тұрғындарға арналған тағы бір мүмкіндік – грант, оны иелену үшін арнайы комиссия алдында әзірленген бизнес-жоспарыңызды қорғайсыз. Былтыр шағын және орта бизнес  субъектілерінің саны 36,7%-ға өсті. Бұдан шығатын қорытынды, өңір экономикасындағы кәсіпкерлік саланың үлесі жыл өткен сайын артып келеді, – деді Нұрлан Ноғаев. 

2022 жылы 3273 шағын және орта бизнес жобасы мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланған. Оның ішінде:

- кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында 46 млрд теңге сомасына 3106 жобаға қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 274 жаңа жұмыс орны құрылып, 520 жұмыс орны сақталған;

- Жұмыспен қамту Жол картасы аясында 1 млрд теңгеге 167 жобаға қолдау көрсетілген.

   Өңір басшысы өз бизнесін өркендетуді көздеген кәсіпкерлер ішкі туризмнің ахуалына назар аударуы керек екенін атап өтті.

– Шағын және орта бизнес туристік индустрияның дамуына зор үлес қосады. Шағын қонақүйлер мен кафелердің иелері, экскурсоводтар, ұлттық кәдесыйлар мен жергілікті азық-түлік өндірушілері туристің сапардан қандай әсер алатынына ықпал етеді. Мен өңіріміздің әр ауылында қолөнермен айналысатын, киіз өңдеп, ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдарын жасайтын адамдар бар екеніне бірнеше рет назар аудардым. Осындай ұлттық қолөнер бұйымдары мен өзге де ерекше дүниелерді жергілікті туризм әлеуеті мен сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағыттау қажет, – деп атап өтті облыс әкімі. 

Өңір басшысының айтуынша, туризм Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңа сала. Дегенмен, Маңғыстау облысының көптеген киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштері, өзінің географиялық орналасуына байланысты зор туристік  үлкен әлеуетке ие.

Өңірдің туристік саласын дамытудың маңызы жыл сайын артып келеді. Мұны саладағы оң динамикадан да көруге болады. 2022 жылы бұл салада көрсетілген қызметтер көлемі 11,5 млрд теңгені құрап, 1,6 есеге өскен. Жыл басынан бері аймаққа шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Жыл басынан бері 6 рейс іске қосылған. Олар: Ақтау – Лондон, Ақтау – минералды сулар, Ақтау – Екатеринбург, Ақтау – Санкт-Петербург, Ақтау – Уфа, Ақтау – Сочи бағыттары. 

  Курорттық аймақты дамыту шеңберінде 2022 жылы жергілікті инвесторлар 4 жобаны іске асырған. Нәтижесінде 1,1 млрд теңгеден астам инвестиция тартумен 80-нен астам жаңа жұмыс орны құрылған.

Жалпы өңірде туризм саласында 2023-2025 жылдар аралығында сомасы 100 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 

– Осы жобалардың барлығы өңір экономикасының дамуына оң мультипликативті серпін береді. Туристік сала қазіргі Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне айналуы мүмкін. Статистикалық деректерге қарайтын болсақ, табыс көлемі бойынша туризм әлемдік экономиканың жетекші салалары арасында үшінші орынды иеленді, – деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

 

ГОЛРОХ ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 77
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 599
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 716
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 628
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 638

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387