Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның  қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді.

Берік Асылов:

➤ заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды қолданатынын айтты;

➤ маңызды инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан қолдау жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселелері шешімін тапқан;

➤ инвестицияның қауіпсіздігіне кепілді күшейту үшін инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл процесін нақты уақыт режимінде бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты негізгі шешімдерін прокурормен келісу ұсынылғанын жеткізді; 

➤ үш буынды модель аясында кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау 3 есе қысқарғаны (614-тен 204-ке дейін) жөнінде мәлімет берді. Жалпы, еліміз бойынша 1041 тұлғаның негізсіз қылмыстық қудалауға тартылуына жол берілген жоқ. Конституциялық құқық бұзушылықтар саны 29 пайызға қысқарған (310-нан 222-ге дейін).  

➤ азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде баяндады. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін 54 түзету мекемесінде 29 мың бейнекамера орнатылған, сәйкесінше азаптау фактілеріне шағымдану да  94-тен 17-ге дейін азайған.  

➤ халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін  таныстырды. Атап айтқанда, биыл шетелден ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 40 адам экстрадицияланды. Жалпы Қазақстан қылмыстық-құқықтық сала бойынша  алыс шетелдің 34 мемлекетімен 74 шартқа қол қойылған.

 Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.

Akorda.kz
14.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 32
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 11
Әрбір азаматтың өтініші маңызды
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі - 30.11.2023 11
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 42
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1685

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4081
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3749
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3905
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3839
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3911