«Мұқағали» киносы несімен есте қалды?

«Мұқағали» киносы несімен есте қалды?

«МҰҚАҒАЛИДЫҢ» МҰҢЫНАН ҚҰНЫ БАСЫМ

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген рас-ау. Ынтықтырған, қызықтырған, сағындырған Мұқағали өмірін қамтыған, тіршілігін саралаған, «кеңестік Алматыны аралаған» киноны да көріп тастадық. Екі сағатқа жуық сілтідей тынған жұрт кино аяқталғанда дуылдата қол соқты. Бұл заманының заңғар ақынына көрсетілген құрмет болар. Бәлки, жаңашылдыққа ұмтылған режиссер Болат Қалымбетовтың нық қадамына, сценарийді жазған көрнекті жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің таным деңгейінің биіктігінің өлшеміне берілген баға десек те жарасар. Өзгені қайдам, кішкентайымнан Мұқағали жырын жаттап өскен мен үшін Мұқағали – тау тұлғалы нар ақын. Асқақ ақын! Адуынды ақын. Сондықтан да Мұқағали жайлы түсірілген киноны асыға күткенім рас. Кейбір кемшіліктері бола тұра кино маған ұнады. Үлкен еңбектің жемісі. Үлкен ізденістің нәтижесі. Әрине, әркімнің жүрегінде өз Мұқағалиі бар. Әркім өз сана-көзімен қарайды. Әлпештейді, аялайды. Бәрібір ақынды жамандыққа қимайды. Кино – идеология. Тәрбие құралы. Қазақ киносының өне бойынан ұлттық құндылықтардың жоғалмағанын қалаймын өз басым. Көрермен тартамын деп көрінгеннің қаңсығын жарқыратып көрсете берсек, неміз қалады? Маған «Мұқағали» киносы қарапайымдылығымен ұнады. Тосын ойымен, нәзік иірімдерімен бойымды баурады. Қазақы бояуымен көңіліме жақты. Поэтикалық сарынымен, жанға жайлы музыкасымен еліктірді. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» демекші, түрлі сыни пікірлердің қарша борайтынын біле тұра тағдыры қызық та қайғылы, қулық-сұмдықтан ада, баладай аңғал, кеңестік жүйенің «темір ноқтасы» басына сыймаған тау баласы Мұқағалиды кино тілінде сөйлетуге талпыныс – құптарлық іс.  

Н. АРҒЫН
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5237
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5396
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20360
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18996
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22461