"Нағыз дос, шынайы бауыр". Әзербайжан Президенті Қазақстанға алғыс айтты

"Нағыз дос, шынайы бауыр". Әзербайжан Президенті Қазақстанға алғыс айтты

Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев телеарнаға берген сұхбатында Қазақстан халқы мен Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

“Міне, нағыз достық пен бауырластық. Оқиға орын алған кезде бірден Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалдым. Оған көңіл айттым, өйткені апат салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапты. Ол да маған көңіл айтты. Бұл қайғылы жағдай барлығымыз үшін сыналған сәт болды, өйткені осындай қиындықтар кімнің кім екенін анық көрсетеді. Қайғылы жағдайға қарамастан, Қазақстанда да солай ойлайтынына көзім жетті және сенімдімін. Біздің достық пен бауырластығымыз осы қиын сынақтан кейін одан сайын күшейе түсті”, - деді Ильхам Әлиев. 

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан халқы мен президентіне алғыс айтты. 

«Апат болған жерге қазақстандық құтқарушылар жедел арада жетіп, ұшақтан адамдарды алып шығып жатқаны жайлы ақпаратты алдық. Олар өз өмірлерін қатерге тікті. Себебі тағы бір жарылыстың боларын немесе болмасын білмеді. Ұшақтың бір бөлігі жанып жатты, екінші бөлігі де өртенуі мүмкін еді. Бірақ соған қарамастан, олар нағыз ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Дәрігерлердің жұмысына тоқталғым келеді. Зардап шеккен жолаушылар тез арада ауруханаларға жеткізілді. Ол үшін де мен Президент Тоқаевқа алғысымды айттым. Қазақстандағы бауырларымыз бен қарындастарымыздың қиын сәттегі қолдауы әзірбайжан ұлтының жүрегінде сақталады. Қарапайым азаматтар Ақтаудағы елшілікке келіп, гүл шоқтарын қойып, қайғыны бөлісіп жатты. Міне, нағыз дос, шынайы бауыр болу деген осы. Мен Президент Тоқаевқа бұл мәселені зерттеуге қатысты Әзірбайжанның позициясын айттым. Біз халықаралық сараптама өткізуді қалаймыз және бұл мәселені Мемлекетаралық авиациялық комитеттің қарауына бере алмайтынымызды жеткіздім. Бұл позициям түсіністікпен қабыл алынды. Әлбетте, біздің мемлекеттік органдар, комиссия мүшелері, прокуратура және басқалары Қазақстанмен байланыста. Қазақстан тарапы да өз кезегінде комиссия құрған. Олар да бұл апаттың шын себебін анықтауға барын салып жатыр. Мен Президент Тоқаевқа көңіл айттым. Ұшақ апатында Қазақстанның алты азаматы көз жұмды. Қазақстан Президенті де көңіл айтып, қолдау білдірді. Бұл оқиғаның қаншалықты қайғылы екеніне қарамастан, бұл біз үшін бір сынақ іспеттес. Осы жағдайда әр тарап өзін қалай көрсететінін анықтайтын сынақ. Қайғылы жағдайға қарамастан, Қазақстан тарапы да осындай ойда екеніне қуаныштымын. Біздің достығымыз бен бауырластығымыз бұл сынақтан кейін тіпті күшейе түсті», - дейді ол.

фото trend.az

Qaz365.kz.
30.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШТА МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.12.2024 80
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.12.2024 189
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.12.2024 80
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.12.2024 204
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 897
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1108
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1116
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1111
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1118
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 895

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12105
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11020
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14255
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13216
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18228