ӨМІРШЕҢ ЖОБАЛАР – ІЛКІМДІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

ӨМІРШЕҢ ЖОБАЛАР – ІЛКІМДІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ
Павлодар облысына келдім.Тұрғындармен кездесіп жүрмін және өңірде министрліктің жобалары қалай жүзеге асырылып жатқанымен таныстым.
Май ауданында Қаратерек және Майтүбек ауылдарындағы суару желілерін реконструкциялау барысымен таныстым. Суару желісі 5700 га егіс алқабын сумен қамтамасыз ете алады. Екі жоба да аяқталуға жақын. Жұмысты мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырдым.
Жергілікті шаруа қожалықтары өңірде су үнемдеу технологиялары қалай енгізіліп жатқанын көрсетті.
Одан кейін Көлбай лиманды суару алабына бардым. Павлодар облысының мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз ететін шабындықтарды суару жүйелерін реконструкциялау жоспарымен таныстым.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Баянауыл және Май аудандарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, Май ауданында Көлбай алабына кіретін 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Баянауыл ауданында 59 гидротехникалық және 126 су өткізу құрылысы бар. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, Көлбай алабының аумағы 14,6 мың га, оның 6,7 мың гектары Баянауыл ауданында.
Сондай-ақ, Май ауданын ауыз сумен қамтамасыз ететін Май топтық су құбырының тазарту станциясына барып, тазартылған судың сапасын тексердім.
Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылында 1063 га суармалы учаскеге арналған инженерлік желі салынып жатыр. Жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы «Қазсушар» филиалдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылып жатыр. Нысан биыл пайдалануға беріледі.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
16.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9237
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233