Сарысу ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының Жаңа маусымының ашылуы «Сарысу саңлақтары» аллеясында өтті. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Жасыл ел» жасағының жұмысына сәттілік тілеп, еңбек жасағының атқарар жұмысының маңызын атап өтті. «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 19 жыл толып отыр. 2022 жылы 50 жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылды.
Бұл – ең табысты және ауқымды әлеуметтік жоба, жастарды еңбекке баулудың өте маңызды құралы. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, өздерін туған жердің иесі ретінде сезінуге жетелейді. Еңбек жасағы сарбаздарының жалақысы 70 мың теңгеден асады, 100 жасты қамтысақ деген ойымыз бар»,−деді Марат Қырғызәліұлы. Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға үлес қосқан жастарды марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Ауданның жас ақыны С.Тоқбанов «Жасыл ел» сарбаздарына жүректен шыққан өз арнауын оқып, жастардың орындауында «Қазақстаным менің» әнімен ашылу салтанаты аяқталды.