Наурыз айының 20-22 күндері аралығында Шымкент қаласында «Наурыз» мерекесін тойлау қарсаңында «SHYMKENT INVESTMENT FORUM - 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтуде.
Форумға біздің өңірден облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, басқарма басшысы А.Сейсебаев және басқарма қызметкерлері қатысуда.
Бүгінгі жиын барысында Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының инвестициялық тартымдылығын арттыру және өзара экономикалық ынтымақтастығын күшейту мүмкіндіктері талқыланатын болады.
Көрменің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара келісімдер жасасу.
Көрмеге кәсіпкерлік саласынан яғни, химиялық, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі т.б 100-ден астам кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынуда.
Бұған қоса, Форум шеңберінде оңтүстік өңірлердің тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде.
Көрмеге облыстан 15 тауар өндіруші және 6 қолөнер қатысуда.
Сондай – ақ, өңірлер арасында кәсіпорындар арасында ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізілуде.