«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА  СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
Өткен аптада республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірхановтың бастамасымен Мойынқұм мен Бірлік ауылдарының аралығындағы тас жолдың бойы кездейсоқ қоқыстардан тазартылды.
Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әлімханұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мәди Күнту, Мойынқұм, Жамбыл, Қызылотау, Қызылтал, Бірлік ауылдық округтерінің әкімдері мен олардың аппарат қызметкерлері белсенді атсалысты.
Ең басты атқарушы күш «Жасыл ел – еңбек жасағы» болды. Жасыл елдік 30 жастың жұмыс нәтижесі жылдам әрі тиянақты көзге көрініп отырды.
Мойынқұм ауылының кіреберісінен бастау алған шарада жол бойындағы қоқыстар қаптарға салынып, «Мойынқұм сужылу» КМК-ның «КамАЗ» жүккөлігінетиеліп отырды. Жол жөнекей Жамбыл, Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков, Бірлік ауылдары мен ауыл ішіне ағын су кіретін тоғандардың маңы тазартылып, қоқыстар жүк көлігіне салынып тиісті орындарға жөнелтілді. Осылайша Бірлік ауылындағы қырманға дейін жол жиектері тазартылды.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ, «Мойынқұм таңы».
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6598
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6030
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9235
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7020
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8231