ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСТІ
Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Оған облыс әкімдігі, прокуратура, Экономикалық тергеп тексеру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының басшылық құрамы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және қаржылық ұйым басшылары, 100-ден аса бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арналған Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау, кедергілерді жою жөнінде тапсырма берді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыру. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес-климатты және инвестициялық ахуалды талқылау. Шағын және орта бизнес – ел экономикасының негізгі драйвері. Түркістан – кәсіпкерлікке бейімделген, бизнес өкілдері көп шоғырланған өңір. Бүгінгі таңда 210 мыңға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді, саны бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр. Облыс әкімдігі бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар жүйелі қолдауларды іске асыруда. Облысымызда жыл басынан 4 индустриалды аймақ құрылып, олардың саны 13-ке жетті. 9 индустриалды аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, жаңа индустриалды аймақтарға инфрақұрылым жүргізу үшін құжаттамалар рәсімделуде. Сондай-ақ өнеркәсіптік алаңы 594 гектардан тұратын «Тұран» арнайы экономикалық аймағы бар. Экономикалық аймақта жұмыс істеймін деген кәсіпкерлер табыс, кеден, жер және мүлік салықтарынан босатылады. Бұл аймақтардан бөлек, «Өндірістік парк» жобасы жүзеге асуда. Кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік ғимарттар жеңілдетілген шарттармен ұсынылады. Сауран ауданы Шаға ауылында 30 гектар жерге 39 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталып, 10 ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталды. Тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін шығару, жиһаз цехы, тоңазытқыштар өндіру, есік жасау кәсіпорындары өз жұмыстарын бастағанын атап өткен жөн», деді облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.
Түркістан облыстық прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы Болат Жұмағалиев кәсіпкерлікті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы кеңінен айтып берсе, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова да кәсіпкерлікті қолдау жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Басқосуда бизнес өкілдері өз өтініштері мен ұсыныстарын айтып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 197
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 1068
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1107
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1087

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6081
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5523
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8710
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6514
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7721