ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨЗБЕК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨЗБЕК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы Этноауыл кешенінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» мерекелік іс-шарасы өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.
Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Амангелді Ғабділкәрімұлы, Ғалиасқар Төлендіұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы, Ақсақалдар, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері қатысты.
Көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов және Сенат депутаттары еліміздің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына кеңінен тоқталды.
Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына толық жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, мұндағы игі бастамалар жалпы түркі әлеміне үлгі, бірлігі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
Мерекелік жиында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар арнайы марапатталды.
Берекелі бірлікке үндеген мерекелік іс-шара облысқа танымал мәдениет саласы өнерпаздарының гала концертіне ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372