ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ПИРОТЕХНИКА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ПИРОТЕХНИКА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты - пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу қағидасын қалыптастыру. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров брифингте мәлімдеді.
«Шараның бірінші ескерту кезеңі 5-12 желтоқсан күндері аралығында өткізілді. Онда полиция департаментінің қызметкерлері облысымыздың қала-аудандарында орналасқан сауда орталықтары мен дүкендерге арнайы барып қағаз түрінде ескертпелер таратты. Жеке кәсіпкерлердің арнайы лицензиясыз пиротехникалық бұйымдарды сатуына, сақтауына, тасымалдауына тыйым салынатыны айтылды. Екінші кезең 20 желтоқсан-3 қаңтар аралығында жүреді», деді спикер.
Бүгінгі күнге дейін өңірде жоспарға сәйкес, БАҚ өкілдерімен бірлескен 27 рейдтік шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған 80-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Олардан 500-ге жуық сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, 3 млн 784 мың 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
19.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11998
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15244
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14173
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19205