ТҮРКІСТАНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Мемлекет басшысы шілде айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Бүгін осыған байланысты Түркістан облысы әкімі аппарататының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған құмар ойындары туралы Заңмен қатар, ішкі тәртіп мәселелері де талқыланды.
Аталған Заңның 17-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында өздеріне: «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау көзделген.
Аталған Заңмен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер биылғы 9 қыркүйекте қолданысқа енгізілгеннен сәттен бастап, аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың персоналды басқару қызметтері мемлекеттік қызметшілерден, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардан жазбаша нысанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін қабылдау бойынша тиісті жұмыстарды атқару қажет. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) негіз болып саналады.
Аппарат басшысы Заң қолданысқа енгізілген мерзімге дейін аудан қала әкімдіктері және облыстық басқарма басшылары мен мемлекеттік қызметшілер арасында тиісті түсіндірме және құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізуді тапсырды..
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 210
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 715
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 838
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 752

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8908
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8302
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11530
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9286
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10514