Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.Дулати университетінің оқытушылары Клара Сматова мен Толқын Қасенова үздіктер қатарынан көрінді. Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Құттықтаймыз!