Жаңа қағида тіркеуді жеңілдетті

Жаңа қағида тіркеуді жеңілдетті

Қазтест тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. Бұл туралы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Құзырлы мекеме таратқан мәліметте «ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілгенін хабарлайды», – деп жазды.

ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды. Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және «Айтылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек. Шекті балл дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығын құрайды. Бұл ретте «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің максималды балы 50 балл болып табылады.

Тіркеу процесі де жеңілдетілді. Жеке тұлғалар app.testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге жазыла алады, ал заңды тұлғалар – ҰТО кеңсесіне ресми хат жолдау қажет. ҚАЗТЕСТ нәтижелері тестіленушінің жеке кабинетінде Астана қаласы үшін үш күн ішінде, басқа өңірлер үшін он бес күн ішінде қолжетімді болады.

Ескерту. ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ сертификаты қазақстандық жоғары оқу орындарына докторантураға және «Болашақ» бағдарламасына түсу үшін міндетті болып табылады.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 45
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280